Балқаш жаңалықтары 24.12.2019

  1. Балық аулау ережесін бұзған балықшы 170 мыңнан аса айыппұл төлейтін болады. 27 жастағы тұрғынның балық аулауға рұқсаты болмағанынан бөлек ол пайдалануға тыйым салынған жабдықтарды қолданған. Балық аулау ережесін бұзушы осы жылдың қазан айында ұсталған. Ол көлге «Прогресс-4» қайығымен ұзындығы 400 метр қытай өндірісінің торымен шығады. Осылайша ол 24 келі көксерке, 9 келіден аса ақбалық және 45 келі торта балығын аулайды. Ер адамның балық аулауға рұқсаты болмағанынан бөлек, пайдалануға тыйым салынған жабдықтарды қолданған. Сотта ол кінәсін толығымен мойындады. Істің барлық мән-жайын ескере отырып балықшыны айыпты деп танып, 50 мыңнан аса айыппұл тағайындады. Ал 120 мың теңгені тәртіп бұзушы келтірген шығыны үшін өтейді. Сонымен қатар тұрғыннан қайықты және қозғалтқышын, балық аулау құралдарын мемлекет кірісіне тәркіледі
  2. Қазақстанда қылмыстық іске кінәлі жандар жәбірленушіге ақша төлейді.«Жәбірленушіге өтемақы төлеу қоры туралы» заң 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асады. «Жәбірленушіге өтемақы төлеу қоры туралы» заң 2018 жылы ашылмаған қылмыстың келтірген зиянының орынын толтыруға қолы жетпей жүрген немесе  кінәлі сот төрелігінен жасырынып жүрген жағдайда,  жедел көмек көрсету үшін  қабылданған. Енді жәбірленуші деп танылған күннен бастап адамдар 3 жыл ішінде, озіне өтемақы тағайындау туралы өтініш бере алады. Бірреткі төлемақы ретінде 80- мыңнан 130 мың теңгеге дейін, қылмыстың санатына қарай  жәбірленушінің шотына аударылады.  Ақшаны сексуалды зорлық көрген кәмілет жасына толмаған құрбандар,  азаптау және адам саудасынан жәбірленушілер, денсаулығына ауыр зиян келгендер немесе ВИЧ жұқтырғандар ала алады
  3. Шаһарымызда мүмкіндігі шектеулі балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Оқушылар сарайында қала әкімінің шыршасы өтті. Жаңа жылдық сауықты тамашалауға 6 мен 14 жас аралығындағы 140 бала келді. Мерекелік бағдарлама келер жыл иесі тышқанның қатысуымен өткен бимен ашылды.  Алдар көсе және басқа да танымал балалар ертегілерінің кейіпкерлері қонақта болды.  Балғындар түрлі конкурстарға қатысып, мереке соңында тәтті сыйларға ие болды.  Дәстүр бойынша Аяз ата мен Ақшақар балаларды  жаңа жылмен құттықтады,  мерекеге Санта Клаус та шақырылған. Кеш соңында қала басшысы балақайларға өз ізгі тілегін жеткізді
  4. Жаңа жылға небәрі 1 аптадай уақыт қалды. Бұл мереке барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Бұл кештегі дастархан мәзірі де ерекше әрі молынан болады. Түрлі салаттар, жемістер, ыстық тағам бәрі де алдын-ала алынып, дайындалады. Жемістер, оның ішінде мандарин 5006 ал ананастың бағасы 1000 теңге көлемінде. Қыста бағасы біршама қымбат болатын қияр мен қызанақ 800-900 теңгеде. Ал сауда сөресінде бірнеше жылдан бағасы ауыспайтын көкөніс те бар, ол – қызылша, бір келісі бар болғаны 150 тг. Консервіленген өнімдер, мерекелік торт, тәттілер, шұжықтар, өнімдердің тізімі мұнымен бітпейді. Енді орташа бағамен алғандағы мерекелік дастарханның орташа бағасын есептеп көрсек. Орташа бағамен санап көрсек ыстық тағамға қажетті ет өніміне 5000; көкөніс-жемістерге 5000; консервіленген өнімдерге 1500, шұжық-ірімшікке 2800; торт пен тәттілерге  10000 тг; ал алкоголді сусындарды қоспағандағы жеміс шырындарына 3000 тг жұмсайды екенбіз. Біздің мерекелік дастархан 30 000 теңгенің көлемінде болды
  5. Балқаштық кикбоксшылар республикалық жарыстан 13 медаль еншіледі. Денешынықтыру сауықтыру кешенінің тәлімгерлері турнирден 2 алтын мен 1 күміс жүлдеге ие болды. Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық спортшы жиналған. 14 пен 17 жастағы жасөспірімдер 3 күн бойы үздік атануға таласады. Нәтижесі бойынша Әділ Мұратов пен Айбат Нұрланұлы чемпион атанады. Ал күміс жүлдені Дарын Кенжебеков қанжығасына байлайды. Денешынықтыру сауықтыру кешенінің тәлімгерлері жалпы саны 13 жүлдеге ие болады. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәлімгерлері де кикбокстан жақсы нәтиже көрсетуде. 1 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде.  Бұл спорт мектебі балғындарының додасы Алматы қаласында өткен. Балқаш намысын қорғауға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 10 жас спортшысы аттанады. Барлығы да жүлделі болып, 50 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрали Ғалым жеңімпаз атанады. Ал Нариман Қайыпхан мен Темірлан Латкен чемпионатта екінші орынға ие болған

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login