Балқашта республикалық дебат турнирі өтті

Тұңғыш Президент Күніне орай Балқашта республикалық дебат турнирі өтті. 2 күн бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қара сөз шеберлері әлемдегі өзекті мәселелер мен оны шешу жолдарын талқылады. Пікір-сайыс политехникалық колледжде өтті. Турнирге 30 команда қатысты. Олар Теміртау, Қарағанды, Саран, Жезқазған, Шымкент, Қызылорда және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген студенттер. Турнирдің бірінші күні олар білім беру жүйесіндегі жаңа енгізілімді талқылап, Қазақстандағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Ал екінші күні сөз шеберлері экологияны сақтаудың тиімді тетіктері туралы пікірсайысты. Оларға әділқазы мүшелері баға берді. Турнирдің 1-ші және 2-ші орындарын қарағандылық командалар иеленсе, 3 орынды Теміртау қаласының сөз шеберлері жеңіп алды.

Гүлсім Қнашина– политехникалық колледжі директорының орынбасары: «Негізгі көтерілетін мәселелер бұл жастар арасында, біздің білім саласында болып жатқан әртүрлі мәселелер бойынша резолюциялар жасалып, қаламыздың және Республиканың әр қаласынан келген жастарымыз дебат сайысына түседі. Өздерінің пікірлерін білдіріп, және ортақтасып, талқыға түседі» 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login