Балқаш жаңалықтары 27.11.2019

  1. Қазақстанда бензин қымбаттамақ. Келесі жылдан бастап жанармай акцизының құны екі жарым есеге көтеру жоспарлануда. Бұл туралы Ұлттық экономика  министрлігі хабарлады.Ал жанармай акцизы құнының қымбаттауына бюджет шығындарының өсуі себеп болған. Нақтырақ айқтса, әлеуметтік төлемдердің көбеюі. Оның ішінде жағдайы төмен, көп балалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек те бар.
    Сондықтан акциз құнын 10 мыңнан 24 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда, сәйкесінше бензин бағасы 10 теңгеге қымбаттамақ. Егер қазір жанармайдың 1 литрі 150 теңге болса, онда 1 қаңтардан бастап 160 теңгеге көтеріледі. Спикердің айтуынша, баға көтерілмеуі де мүмкін, себебі жанармайдың өзіндік құнын жалғыз акциз ғана құрамайды. Деседе сарапшылар мұнымен келіспейді. Олар жанармай бағасының өсуі тауарлар мен қызметтер құнының қымбаттауына әкеледі деп отыр. Ендігі кезекте қаулы жобасы мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберіледі, одан кейін үкім үкімет отырысында талқыланады
  2. Пәтерге қалай ақша жинап, аз уақыттың ішінде баспанаға қол жеткізуге болады. Бұл сауалға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері жауап берді. «Нұр Отан» партиясының ғимаратында банк өкілдері мемлекетік бөлім жетекшілері, коммуналдық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің жұмыскерлерімен кездесті. Спикерлер келушілерді баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін 6 бағдарламамен таныстырды. Бастапқы жарнасы пәтер құнының 10-20 пайызын құрайды. Несие 2-ден 8 пайызға дейін 23 жылға дейін рәсімделеді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ел нарығында 16 жылдан бері жұмыс жасап келеді және әрбір 18-ші қазақстандық оның салымшысы болып табылады. Банк бағдарламасы бойынша күніне 200 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бүгінде 5 мың балқаштықтың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» депозиті бар. Кездесу музыкалық үзіліспен жалғасып, артынша алғыс хаттар берілді
  3. Балқаш сервис колледжінің студенттері кондитерлік өнім пісіруден жарысты. Мұндай дәмді сайыс  «Ворлдскиллс» конкурсына баратын үздікті анықтау үшін ұйымдастырылды. Ал сонымен жеңімпаз кім? Оны келесі сюжеттен көрелік. Конкурстағы тапсырмалардың бірі мастикадан мультфильм кейіпкерлерін жасау. 7 қатысушы спанч боб, жалғыз мүйіз секілді  заманауи кейіпкерлерді таңдаған. Қатысушыларды кәсіпкерлерден, аспазшылардан және колледж ұстаздарынан құралған  қазылар алқасы бағалады. 8 талап бойынша. Ең жоғары бал 10 ұпай. Конкурс екі күнге созылады. Ал жеңімпаз «Ворлдскиллс» конкурсының облыстық кезеңіне жолдама алады.
  4. Бір күнге ешқандай сауда жасамай, қалтаңыздан бір теңге де жұмсамай жүре аласыз ба? Бүгін балқаштықтарға осындай сауал қойдық. Оған себеп осы аптада халықаралық саудадан бас тарту күні атап өтіледі. Мұндай идея 1992 жылы Америкада пайда болған. Канадалық журналист Калле Ласн осы тақырыпты көтеріп, дағдарыстың бір себебі ойланбай, артық жасалатын саудадан деген. Ал балқаштықтар бір күн болса да сауда-саттықтан бас тарта ала ма?
  5. Қазақстандықтар желтоқсан айында 12 күн демалады. Тұңғыш Президент Күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орай қосымша 2 демалыс күні беріледі.1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 2 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 30 қараша, 1,2 желтоқсан күндері қатарынан үш күн демалады. Ал 16 және 17 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күні биыл дүйсенбі мен сейсенбіге түсіп тұр. Осы екі күнді қосқанда, қазақстандықтар 14-інен бастап 4 күн қатарынан жұмыстан босатылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login