Балқаш жаңалықтары 21.11.2019

  1. Балқашта жарық ақысы тағы да жоғарылайды. Бұл жолы қуат көзі 3 теңгеге өседі. Электр энериясының құны не себепті қымбаттады. Оны түсіндіру үшін бүгін «Қазэнергоцентр» компаниясының мамандары Балқаш тұрғындарымен кездесті. Ал халық бұл жаңалыққа әрине қуана қоймады. Өз қарсылықтарын жеткізді. Тыңдалым түгел Балқаш жұртына арналғанымен жиналған адам саны тіптен аз. Барлығы дерлік тиынын үнемдеп, зейнетін жеткізе алмай жүрген зейнеткерлер. Ал Қарағандыдан келген «Қазэнергоцентр» компаниясы өкілінің айтуынша жарық ақысы жаңа жылдан бастап қымбаттайды. Қазір электр энергиясының 1 киловаты 14 тг 36 тиын болса 1 қаңтардан кейін 15тг  76 тиынға өседі. Ал заңды тұлғалар үшін тариф құны бірден 18 тг жоғарылайды. Қазір 20 тг 54 тиын төлеп жүргендер, ендігіде киловатына 38 тг 70 тиын жұмсайды. Бағаның бұлай қымбаттау себебін мамандар электр энергиясын сатып алу мен тарату құнының өсуімен түсіндірді. Одан бөлек «Казэнергоцентр» өз шығындарын жабу үшін тариф құнын қымбататтып отыр. Электр энергиясының бағасын қымбаттату арқылы жұмыскерлерінің жалақысын көбейтіп, іссапар ақысын, банк қызметін төлемек. Тіпті канцелериялық тауарды да халық ақшасына сатып алмақ. Жаздың маусым айында Қазэнергоцентр Елбасының тапсырмасы бойынша тариф құнын арзандатқан болатын. 15 теңге 57 тиыннан 14 тг 36 тиын төмендеткен еді. Алайда жарты жыл өтпестен қызмет құнын қайта көтермек. Деседе компания ұсынып отырған жаңа тариф әлі нақты емес. Енді оны табиғи монополиларды реттеу департаменті қарауына жібереді. Нақты шешім бір айдан кейін белгілі болады
  2. Балқаштық құтқарушылар қысқа дайындалуда. Суық мезгілде қандай төтенше жаңдайлары болуы мүмкін, онда жағдайда қалай әрекет ету керектігі бүгін өткізілген брифингте айтылды. Онда мамандар жақында болған төтенше жағдайды мысалға келтірді. Осыдан үш күн бұрын Сары-Шаған кентінде 2 балықшы жоғалды. Болжам бойынша олар суға батып кеткен. Мамандар мұндай трагедиялық жағдайлардың алдын-алу жолдарын айтты. Біріншіден көлге шығарда ауа райын ескеріп, телефонды толық қуаттап,  өзімен бірге жылы киім алу қажет. Міндетті түрде құтқару кеудешесі болуы керек. Қайыққа шамадан тыс жүк салмай, оқыс оқиға болған кезде бірден құтқарушыларға қоңырау шалған жөн. Қазіргі таңда  көлге шығуға тыйым салынған. Жылыту маусымы басталғалы бері улы газбен улану бойынша бір жағдай тіркелген. Мұндай оқиғаларды болдырмас үшін құтқарушылар жеке секторларға үнемі рейдке шығып тұрады. Тұрғындарға тұтынар көмірдің сапасына назар аударып, түтін шығатын жолдарды үнемі тазалау керектігін ескертеді. Ал жақын күндері түтін шығысымен бірден дабыл беретін жүзден аса арнайы құрылғы сатып алмақ. Оларды көпбалалы отбасы мен жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне орнатады
  3. Қазақстанның ең лас қалалар тізімінде Балқаш 4-ші орнында тұр. «Қазгидромет» 2019 жылдың III тоқсанына осындай қорытынды жасады. Ауасы өте жоғары деңгейде ластанған шаһарлар Нұр-Сұлтан, Ақтау, Жезқазған және Теміртау болып танылды. Ал Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды және Балқаш ауасы көтеріңкі деңгейде ластанған қалалар тізіміне енді. Сараптама нәтижесі кезінде азот диоксиді, көміртегі тотығы, күкірт диоксиді, формальдегид, күкіртті суттек, фенол және амиак секілді зиянды заттардың атмосфераға шамадан тыс шығарылатыны анықталды, Зерттеу жұмыстары  еліміздің 45 елді-мекенінде,  140 бақылау бекетінде жүргізілді.  Ауаның ластану деңгейі екі көрсеткіш арқылы атап айтсақ, стандартты индекс және аса көп қайталанушылық бойынша бағаланған
  4. Жұмыс берушілер мен жұмыссыз жастар үшін жақсы мүмкіндік. БҰҰ балқаштықтарды мамандығы бойынша тәжірибеден өтуге шақырады. Тіпті ай сайын 60 мың тг шәкіртақы төлемек. Яғни балқаштық жұмыс берушілер маманды жұмысқа қабылдағаны үшін бір тиында ақша шығармайды. Мұндай мүмкіндікті 18 бен 29 жасқа дейінгі жастар пайдалана алады. Ең басты талап ресми түрде жұмыссыз деген статусы болуы қажет. Қазіргі таңда жоба аясында 33 балқаштық мемлекеттік және жекеменшік 20 мекемеде мамандығы бойынша тәжірибеден өтуде. Оның мерзімі үш ай. Осы уақыт аралығында БҰҰ жалақы есебінде 60 мың тг шәкіртақы төлейді. Бұл жұмыс берушілер үшін де жақсы мүмкіндік. Себебі олар маманды қызметке қабылдағаны үшін еңбекақы төлемейді. Қазір балқаштағы мамандар тағы 40 адамды тәжірибеден өтуге жіберуді көздеп отыр. Ол үшін жеке куәлік, диплом және банк шотының анықтамасын желтоқсан айының соңына дейін өткізу қажет. Құжаттарды БҰҰ балқаштағы маманы Виктор Мунтьян «Кулия» бизнес орталығында қабылдайды. Байланыс телефоны: 4-31-68, 8705-579-33-00
  5. Балқаштық скрипкашылар халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Атырауда өткен шығармашылық конкурстка өнер мектебінің тәлімгерлері қала намысын қорғады.Сайыста 7 мен 13 жас аралығындағы балалар өнер көрсетті. Балқаштан өнер мектебінің 4 тәлімгері барды. Олар скрипкада ойнап, 30 қатысушымен бақ сынасқан. Нәтижесінде балқаштықтар барлық жүлделі орынды жеңіп алды. Анель Малыбаева бірінші орын иегері атанса, күміс Айым Болатбекке бұйырды. Мөлдір Ақар және Баян Қабдырахман қола жүлдеге лайық деп танылды. Баян үшін бұл алғашқы конкурс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login