Балқаш жаңалықтары 20.11.2019

  1. Балқаш көліне қайықпен шыққан 2 балықшы іздестірілуде. Олардан осымен екінші күн хабар жоқ, құтқарушылар тікұшақ көмегіне жүгінген. Дүйсенбі күні кешкі сағат 6да  ТЖ басқармасының кезекші бөлісміне Сарышаған кентінің маңайында 2 адамның  жоғалғаны туралы хабар келіп  түскен. Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар сол күні көмекке шыға алмаған. Іздеу жұмыстарына тек  келесі күні таңертең бастайды. Алайда  әзірге еш нәтиже жоқ. Белгілі болғандай Сарышаған кентінің 2 тұрғыны қайықпен балық ауламақ болып көлге шығады. Кешкісін балықшылардың бірі танысына хабарласып, қайық маторының істен шыққанын жеткізіпті. Бұл уақытта қатты жел тұрып, ауа райы күрт бұзылған. Содан бері еш хабар жоқ. Жоғалғандардың  бірі 44-те, екіншісі 50 жаста. Екеуі де Саршыған кентінің тұрғындары. Енді құтқарушылар балықшыларды тікұшақпен іздестірілуде
  2. Ағыбай батыр көшесінде кварталдық жылу желісі жарылды. Салдарынан 16 үй жылусыз қалды. Апатты жою үшін 8 адам және  5 техника жұмылдырылды. Ал жұмыс барысын ТКШ бөлімінің жетекшісі, «Су Жылу Транс» және ТЖ мамандары бақылады. Апатты жою үшін диаметрі 425 милоиметр ұзындығы 10 метр құбырды ауыстыру қажет. Бұл уақытта Желтоқсан, Сейфуллин көшелерінде 16 көпқабатты үй және бір балабақша жылусыз қалды. Жылу маусымы басталғалы тек бір ай өтті. Алайда бұл осымен 120 коммуналдық апат. Мұндай төтенше жағдайлардың санын азайту үшін қазір жылу желілерін жаппай жөндеу туралы бағдарлама әзірленуде
  3. Нұр-Сұлтан, Қостанай, Семей және Қарағанды қалаларының оқушылары үшін ауа райына байланысты сабақ тоқтатылды. Аязды күн оларға жоспардан тыс демалыс сыйлады. Бүгін Балқашта таңертең аяз сезілгенімен,  сабақ кестесінде еш өзгеріс болған жоқ. Қыс мезгіліндегі сабақ ережесі бойынша ауа температурасы 25 градустан төмен, ал  желдің жылдамдығы секундына 10-15 метрге жетсе онда 1 мен 4 сынып оқушылары сабақтан босатылады.  Егер сынап бағанасы 27-ге дейін төмендесе бастауыштан бастап  9 сыныпқа дейін оқымайды. 30 градустық аяз күндері  барлық сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің 1 курс студенттері үшін оқу тоқтатылады. Сабақтың болмауына байланысты толық ақпаратты мектеп сайттары мен қалалық білім бөлімінің телеграм каналынан білуге болады. Сондай-ақ «Өркен медиа» телеарнасының әлеуметтік желілерінен оқып-біле аласыздар
  4. Балқашқа өзге өңірдегілердей қар түспессе де қыстың ызғары сезіледі. Ауа температурасы минус 11-ге дейін төмендеп, желдің күшімен -18 градус болып сезілді.  Мамандардың кеңесі бойынша мұндай суық ауа райында тоңып қалмас үшін қуатты тамақтарды тұтынған жөн. Ең бастысы ақуызға бай сүт өнімдері мен бұршақ тұқымдас азық-түлікті пайдалану қажет. Жылы киінуді де естен шығармау керек. Ал балқаштықтар суық күнде қалай дұрыс тамақтанып, қалай дұрыс киінуді біле ме екен? Бұл сауалдың жауабын сауалнамадан білейік
  5. Қазақстанның «100 жаңа есіміне» дауыс беру мерзімі ұзартылды. Таңдау жасау уақыты 25 қарашаға дейін созылды. «100 жаңа есім»  жобасының 3-ші кезең қатысушыларына дауыс беру қарашаның айында басталған болатын. Жобаға 1600-ден аса өтінім келіп түскен. Үміткерлер тізімінде 3 балқаштық бар. Екеуі өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер – Шыңғыс Даданбаев және Дәурен Қабышев. Үшіншісі жастар ресурстық орталығының директоры Жанғали Амантаев. Бүгінде 700 мыңнан астам адам өз таңдауын жасап үлгерген. Алайда  ұйымдастырушылардың айтуынша, жекелеген кандидаттар тарапынан жалған дауыс жинау фактілері анықталған. Бір IP мекен-жайдан жаппай дауыс берілген. Осы олқылықтарға орай дауыс беру кезеңі 25 қарашаға дейін ұзартылды
  6. Өнерлі өрен олжалы оралды. Балқаштық Батима Сейілхан республикалық «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер патриоттық өнер байқауынан 1 орын алды. Республикалық дода 18 қараша күні Алматы қаласында өткен. Дәстүрлі «Атамекен» сайысы «Эстрадалық вокал», «Көркем сөз», «Хореография» «Дәстүрлі ән» және «Аспапта ойнау» жанрларын қамтиды. Батима эстрадалық вокал жанрында өнер көрсетеді. Сайысқа Маңғыстау, Тараз, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан қатысушылар келген. Өз категориясында балқаштық әнші қыз 8 қарсыласпен сынға түседі. Бұл Батима Сейілханның байқауға алғаш рет қатысуы. Соған қарамастан ол Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» шығармасын  жоғары деңгейде орындап, жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды. Тағы бір балқаштық республикалық конкурста үздік атанды. №16 орта мектеп оқушысы «Жұлдыз болғым келеді» телевизиялық жобаға қатысып, басқаларды тәнті етті. Алматыда өткен шығармашылық байқауға Нұр Сұлтан, Ақтау, Өскемен, Шымкент, Тараз қалаларынан өнерлі балалар қатысқан. 6 жастағы балқаштық Кәусәр Мұрат ақын Алмаз Темірбайдың  «Уақыттың қадірі» атты өлеңін мәнерлеп оқып, гран при иегері атанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login