Балқаш жаңалықтары 13.11.2019

  1. Полицейлер Балқаш маңында болған  жол апатына кінәліні анықтады. Ол 38 жастағы автобус жүргізушісі. Жолдық тайғақ болу салдарынан рөлге ие бола алмай, жүк көлігіне барып соғылған. Оған қоса бұл апаттан зардап шеккен адамдар саны көбейіп отыр. Еске сала кетейік, Сары-Шаған станциясының маңында ішінде 15 жолаушысы, екі жүргізушісі бар автобус пен «Volvo» жүк көлігі соқтығысады. Кешегі мәлімет бойынша зардап шеккендер саны 7 адам болса, бүгін дәрігерлер тағы бір адамның қосылғанын айтып отыр. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде. Қалған төртеуі бас ми жарақатын алуына байланысты ем қабылдауда. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды. Алдын ала болжам бойынша 38 жастағы автобус жүргізушісі жол апатына кінәлі деп танылып отыр
  2. 2020 жылы Ұлттық банк ескі банкноталарды қабылдауды тоқтатады. Бұл 2006 жылы шыққан 2000, 5000, 10000 теңгеліктерге  қатысты.  ҚР Ұлттық банкі келесі жылдың 3 қазанында бұл банкноталарды қабылдаудың және айырбастаудың үшжылдық мерзімі аяқталатынын еске салды. Сол себепті егер қолыңызда ескі ақша әлі сақталған болса онда оны ҚР Ұлттық банкінің кез келген филиалына барып ауыстыруға асығу қажет.  Банкноттардың түпнұсқалығы расталғаннан кейін сізге өткізген ақшаның орнына қолданыстағы жаңасы беріледі
  3. Балқаштар талдарды қысқарту басталды.  Бұл жұмыс тұрғындардың өтініші бойынша және ТКШ бөлімінің рұқсатымен жасалады. «Балқаш Универсал» мамандары болса іске кіріскен. Сәтпаев көшесіндегі 9 үйдің тұрғындары «Балқаш Универсал» мекемесіне бірінші болып өтініш жазған. Себебі ауладағы талдардың қурап қалған бұтақтары көліктердің өтуіне кедергі келтірген. Жасыл желекті жасарту жұмыстары балқаштықтардың өтінімі бойынша жасалады. Деседе ол үшін тұрғындардың келісімі керек. Көпқабатты үйдегі пәтер иелерінің 70 пайызы қарсы емеспін деп өтінішке қол қоюы тиіс. 1 қарашадан бастап «Балқаш Универсал» мекемесіне 50 өтініш түскен. Талдардың қысқарту күз және көктем айларында жүргізіледі. Мамандардың айтуынша бұл кезде ағаштар ұйқы құшағында болады. Ал көктем келгенде оянып, жаңа бұтақтар өсіп шығады
  4. Балқашта алғаш рет студенттік каламбур өткізіледі. 15 қараша күні халықаралық студенттер күніне орай М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында әзіл-сықақ кеші ұйымдастырылмақ. БГТК-нің құрама командасы дайындықтарын пысықтауда. Әзілкештер тобы 2 мен 3 курс студенттері құралған. Әр команада да 7 ойыншыдан.  Айтуларынша, оларға саяси тақырыптардан гөрі өмірдегідей шынайы, достар арасындағы әзілдерді сахналаған ұнайды. 4 команда қатыспақ. Әзіл кеші 2 кезеңнен тұрады.  Біріншісінде командалар өздерін таныстырады, екіншісінде түрлі тақырыпта әзіл айтып, көрермен көңілін  көтереді.  Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал сайыс соңы би кешіне ұласады
  5. 13 қараша — Бүкіләлемдік мейірімділік күні. Ғалымдардың зерттеуінше мейірімді адамдар өзгелерге қарағанда аз ауырып, 9 жылға ұзағырақ өмір сүретінін анықтаған. Қайырымды жандардың жүрегі сау, ал иммунитеті мықты болады екен. Атаулы күнге орай біздің арнаның түсірім тобы, қала тұрғындары арасында эксперимент жүргізіп, қаншалықты мейірімді екенін тексеріп көрді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login