Өнер мектебінде қалалық домбырашылар фестивалі өтті

Балқаштық оқушылар домбырада үздік шығармаларды орындады. Өнер мектебінде қалалық домбырашылар фестивалі өтті.

Жас орындаушылардың өнерін тамашалауға ата-аналар, ардагерлер мен ұстаздар жиналды. Қонақтарға оқушылар сарайының 20 дан астам шәкірті «Сайра, бұлбұл», «Толғау», «Сарыарқа» сынды  15-ке жуық күйді тарту етті. Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды

Концерт соңы республикалық сайыстан жүлделі орын алған шәкірттерді ұлықтау рәсіміне ұласты. Музыкалық сайыстан домбырашылар түрлі дәрежелдегі  10 медальмен оралған.Сайыс Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық 10 мен 18  жас аралығындағы домбырашылар қатысты.Балқаштың атынан өнер мектебінің 10 тәлімгері өнер көрсетті. Олар 3 бас жүлде,төрт бірінші, екі күміс пен бір қоланы иемденді.

Сымбат Әбенова – республикалық сайыстың 1 орын иегері: «Сүгірдің шалқыма күйін орындадым. Бұл күйді орындаған себебім ол өте қиын күй. Мен Қарағанды қаласы «Ақмаржан» атты байқауға қатысып келдім. Ол байқаудан бірінші орын алдым. Қарсыластарым мықты болды»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login