Балқаштық ата-аналар 1 қарашаға дейін балабақша кезегін растаулары қажет


Күздің соңғы айынан бастап сайтта тазарту жұмыстары жүргізіледі. Ол балабақаша кезегінде тұрған сәбилерді іріктеу үшін жасалады.  Егер балаңыз әлі бөбекжайға бармаған болса онда 1 қарашаға дейін indigo24.kz сайтындағы сауалнаманы толтырып,  балабақша кезегінде тұрғаныңызды растау қажет. Әйтепесе сәби тізімнен алынады. Ал қайта кезекке тұрғызу  үшін қажетті құжаттармен Балқаш қалалық білім бөліміне баруға тура келеді. Алайда білім бөліміне бір жыл ішінде жүгіну қажет. Өйтпеген жағдайда бүлдіршін орнын мүлдем жоғалтады.

Перизат Аристамбекова – қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі: «Тазалау жұмыстары қоныс аударған немесе балабақша жасынан асып кеткен бүлдіршіндерді кезектен алып тастауға бағытталған. Ал, кезегін күтіп жүрген ата-аналар сайтқа кіріп, сауалнама толтыру арқылы кезек мерзімін ұзарта алады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login