Балқаш жаңалықтары 21.10.2019

  1. Осыдан екі ай бұрын жоғалған Балқаш тұрғынының мәйіті табылды. Есенгелді Сейтжаппаров 1 қыркүйектен бастап хабарсыз кеткен болатын. Содан бері іздеу жұмыстары жүргізілді. Алайда өткен аптада 29 жастағы жігіттің денесі табылды. Оны полицейлер «Тектұрмас» зират маңынан тапқан. Үстінде жоғалған күні киген киімі, қалтасында құжаттары және ақшасы болған. Әзірге марқұмның неден көз жұмағаны белгісіз. Тәртіп сақшыларының айтуынша денесінде ұрып соғу белгілері болмаған. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот медициналық сараптамасы тағайындалды
  2. Балқашта  Қараменде биге арналған кітаптың тұсауы кесілді. Салтанатты кеш мәдениет сарайында өтті. Жаңа туындының авторы этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатұлы. Кеш «Қараменде биге  арнау» өлеңімен ашылды. Мәдениет сарайының залы адамға лық толы. Шаһар басшылары, қала халқы арнайы шақырылған тарихшылар мен ақындар, ғалымдар жиналды. Лента қиылып, шашу да шашылды. «Тобықты Қараменде баба» деген атаумен жарық көрген кітап 6  бөлімнен 450 беттен тұрады. 1000 дана тиражбен Алматыда жарық көрді. Авторы шежіреші Молдабек Жанболатұлы. Кітапқа Қараменде Шақаұлының ата-тегі, өмірі және шешендік сөздері енген. Әрі белгілі ақындардың тарихы тұлғаға арнап шығарған өлеңдері басылған.  Тұсаукесерден кейін онға жуық кітап музей, білім ошақтары мен қала әкімшілігінің мұражайына табысталды. Шахаұлы Қараменде – он сегізінші ғасырда өмір сүрген ірі тұлға. Ел билігіне, мемлекет ісіне араласқан қайраткер, орақ ауызды шешен. Абылай ханның замандасы. Қалдау абыздың немересі. Әнет бабаның тәрбиесін көріп өскен. Қалмақ шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» сұрапыл соғысында, ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен заманда ержетеді
  3. Ресейдің Халық әртісі Дмитрий Харатьян Балқаш сахнасында өнер көрсетті. Кино және театр актерінің кеші 2 сағатта созылды. Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында Харатьян жанды дауыста концерт беріп, балқаштықтармен бірге танымал кинокартиналардың әндерін орындады. Концерттік бағдарламаның шымылдығы «Школьный вальс» әнімен ашылды. Бұл кеште барлық ән жанды дауыста, Мәскеуден келген аспаптық квартеттің сүйемелдеуімен орындалды. Әртіс келесі жылы 60-қа толады. Бұл оның өз мерейтойына арнаған концерттерінің бірі. Ресейдің халық әртісін Балқашқа шақырып, оның концертін ұйымдастырған «Қазақмыс Смэлтинг» корпорациясы. Кеште 30-ға жуық композиция шырқалды. Олар актердің өзі кейіпкер болған «Зеленый фургон», «Гардемарины, вперед» және  «Розыгрыш» кинокартиналары. Репертуарда француз тіліндегі әндер де орындалды. Балқаштық көрермендер де халық әртісімен бірге өнер көрсету мәртебесіне болды. Бірі актермен өлең оқыса, енді бірімен лирикалық әндерін орындады. Ал шаһар басшысы болса мейманның иығына шапан жауып, ризашылығын білдірді
  4. Балқаштық боксшы Ерасыл Ермек жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Бокстан Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірлігінде өтті. Онда Қазақстан намысын қорғаған спортшылар 4 алтын медаль иеленіп, жеңімпаз атанды. Балқаштық Ерасыл Ермек 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ақтық кезеңде Өзбекстандық спортшымен кездескен. Оны ұпай саны бойынша жеңіп, Азия чемпионы атанады. Бүгін ел намысын қорғап келген жас спортшыға қала әкімі Ораз Тәуірбеков өз құттықтауын жеткізді. Ерасылға және оның бапкері Амангелді Маканалинге алғыс хат табыстады. Чемпионға 300 мың теңгелік сертифкат ұсынды. Қала тарихында бұған дейін Василий Жиров юниорлар арасында бокстан Азия чемпионы болған. Енді оның жетістігін жасөспірімдер арасында 15 жастағы Ерасыл Ермек қайталап отыр

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login