Төтенше жағдай қызметкерлері күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

19 қазан — төтенше жағдай қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке қарсаңында қалалық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында сала үздіктері марапатталды.

Салтанатты жиынға құтқару қызметінде еңбек етіп жүрген қызметкерлер жиналды. Құттықтаудан соң кезек марапаттауға келді. Қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін 3 дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісі қарауыл басшысы Дәулет Долбаевқа табысталды. Президенттің «Өрт сөндіруші» құрмет грамотасымен Нұрлан Нарымбеков марапатталды. Тағы үш адам төтенше жағдай басқармасы басшының атынан алғыс хат алды. Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін 3 қызметкер Балқаш қаласы әкімінің құрмет грамотасына және 5 құтқарушы алғыс хатқа ие болды.

Ерден Құлжабеков – 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға сөндіруші-құтқарушысы: «Мен өрт сөндіру бөлімінде 3 жыл болды жұмыс істегеніме. Бүгін 1-ші рет алып тұрмын алғыс хатты.    Қандай жағдай болмасын өз денсаулықтарын аямай жұмыс істеп жүрген СПЧ-5 бөлімшесінің құрамына, басшыларына жұмыстарына табыс, зор денсаулық тілеймін. Құтқарушылар күнімен құттықтаймын»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login