Балқаштық хирургтар геникологиялық патологиясы бар 35 әйелге ота жасады

Барлық процедура лапароскопия әдісімен жүзеге асырылды. Дәрігерге жүгінген нәзік жандылардың көбісінде киста, миома, жатырдан тыс жүктілік болған. Тексеруден кейін барлық науқастар жабық манипулияциядан өтті. Бұл дегеніміз  дәрігерлер әйелдің ішін тілмей, арнайы құралмен тесу арқылы қалыптасқан ауру ошағын алып тастайды. Ота барысында әрбір бесінші балқаштық келіншек ауырсынуды басатын дәріден бас тартқан. Себебі лапароскопияның басты артықшылығы операциядан кейін науқас тез қалпына келеді. Ота жасалған күннен бастап тамақ ішіп, жүріп тұра алады. Тіпті ауруханада да көп жатпайды, екі күннен кейін үйіне шығарылады.

Гүлнұр Тамаш – перзентхана бөлімінің меңгерушісі: «Лапароскопия — әйел үшін ең жақсы шешім.Себебі, бұл отадан кейін ол  аз қан жоғалтып, тез сауығады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login