Балқаштық «Металлург» облыс біріншілігінде екінші орынға ие болды

Балқаштық «Металлург» әуесқой командалар арасында өткен облыс біріншілігінде екінші орынға ие болды. Бұл турнирдегі жерлестеріміздің алғашқы күміс жүлдесі.Бұл турнирдегі жерлестеріміздің алғашқы күміс жүлдесі. Әуесқойлар біріншілігі  маусым айында басталған еді. Турнир барысында  9 команда екі айналымнан ойнады. Балқаштық «Металлург» 16 матч өткізіп, оның 13-жеңіске жетті, 3 ойында  жеңіліс тапты.  Соңғы екі ойын сырт алаңда, Қарағандыда өтті. Жергілікті ойыншылар Теміртау командасын 11:1 есебімен ойсырата ұтқанымен, «Шахтер» клубымен өткен ойында 3:0 есебімен ұтылды. Турнир қорытындысы бойынша «Металлург» 39 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Ал бірінші орында бірнеше жыл қатарынан жеңісті қолдан бермей келе жатқан «Гефест» командасы. «Горняк» болса турнир кестесінің үшінші сатысына жайғасты.

Елдос Шарафинов – «Металлург» командасының капитаны: «Соңғы ойын «Шахтер» командасымен ойнадық. Бұл команданы біз 3:0 есебімен жеңдік. Бірінші тайм туралы айта кетсек, бірінші таймның ортасында біз есеп аштық. Екінші таймның 80-ші минутасында олар пеналти соға алмай қалды». «Біз 1-ші рет 2 орын алып отырмыз. 3 орынды 2015 жылғы алған болатынбыз. Бұл сезон біз үшін өте дәрежелі болды»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login