Балқаш жаңалықтары 09.10.2019

  1. Балқашта жыл басынан бері 60-қа жуық тұрғын инфаркт алған.  Медициналық статистикаға сүйенсек, шаһарда жүрек қан-тамыр жүйесі  ауруына  шалдыққандар  қатары  көбейген. Қазіргі таңда жастар арасында жүрек ауруы дендеп барады. Жүрек қан тамырлары ауруларының көбеюіне, алкогольді ішімдіктер, темекі, фаст-фуд тағамдарын шамадан тыс қолдану себеп. Бұрын миокард инфарктісі 50-ден асқан адамдарда кездессе, биыл 25-26 жастағы  жастарда бұл ауруға шалдыққан. Қазіргі таңда Балқашта 10 мыңнан аса адам жүрек қан тамырлары ауруымен есепте тұр.  Оның 500 биыл тіркелген. Ал 60-адам осы жылы инфаркт алып,  14  көз жұмған. Аурудың алдын алып, асқындырмас үшін дәрігерлер жылына кем дегенде бір рет кардиолог маманға қаралуға кеңес береді. Жүрек ауруын анықтауда арнайы құрылғылардың маңызы зор. Мына аппарат «Холтер ЭКГ» деп аталады. Оның көмегімен жүрек қызметінің бұзылуы, ишемиялық сырқат секілді дерттерді ерте анықтауға болады. Ал мына аппарат медициналық  «тредмил»тесті.  Бұл арнайы жүгіріс жолы. Онда   жүрек жұмысына   уақытша  күш түсіру   арқылы зерттеулер жүргізіледі
  2. Қалада қоқыспен күрес күшейтілді. Қаланы үйіліп жатқан қалдықтан арылту үшін әкімдікте арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ТКШ мамандары, тәртіп сақшылары және сәулет бөлімінің қызметкерлері кірді. Бүгін ТКШ бөлімінің жетекшісі учаскелік полицеймен бірге демалыс үйлері мен саяжай аумағын аралады. Бұл аймақта  шомылу маусымы аяқталғанымен, шашылған қоқыс сол күйінде қалған. Жағалаудың да жағдайы мәз емес. Тексеріс кезінде саяжайшылар мен демалыс үйлерінің иелеріне қалған қалдықты жинау керектігі туралы ескерту жасалды. Заң бойынша әрбір адам өз учаскесінен 5 метр жерге дейін таза ұстау керек. Егер ереже бұзылса онда қоқыс үшін жеке тұлғаларға 50 мың, заңды тұлғаларға 76 мыңнан бастап 250мың тг дейін айыппұл салынады
  3. Ағыбай батыр көшесінде жаңа бағдаршамдар пайда болды. Ал орнатылғанына 10 жыл болған ескілері орнынан алынды. Себебі олар жаңбыр және қар кезінде үнемі істеп шығып, жол қозғалысына кедергі келтірген. Құрылғының ішіне су кіргенде автономды режимге ауысып, тек сары түсі ғана жанып сөніп тұратын болған. Бүгін мамандар жаңадан 4 жаңа бағдаршам әкеліп орнатты. 3 метрлік реттеуіш құрылғысы  уақытты көрсетіп тұратын таймермен жабдықталған
  4. Ас адамның арқауы! Ертең әлем жұртшылығы халықаралық ботқа күнін атап өтеді. Бұл мереке Ұлыбританияда пайда болған. Бұл тағамды мамандар күнде таңертең  жеуге кеңес береді. Себебі ол адам ағзасына қуат беріп, асқазанның  күні бойы дұрыс жұмыс жасауына ықпал етеді.Жалпы ботқаның адам ағзасына пайдасы орасан зор. Мамандар оны сау адамнан бастап, науқастарға да жеуге кеңес береді .Күнделікті таңғы асқа ботқа жейтін адамның гемоглобині жоғары, қан тамырлары берік, жүрек пен асқазаны мықты болады екен
  5. Жастар ресурстық орталығы оқушылар арасында «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалдық ойынын өткізді. Оған 5 мектептен келген 9-10-11 ші сынып оқушылары қатысты. Шарада №5,1,2,3,16 және №15-ші мектеп лицейінің шәкірттері сынға түсті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Олардың әрқайсында 10 сұрақтан қойылды. Бірінші кезеңде қатысушылардың тарихтан, екіншіде логикалық ойлаудан, үшінші кезеңде географияны қаншалықты білетіні тексерілді. Сұрақтарға жауап беруге 1 минут берілді.  Ойыншылар уақыт аяқталысымен жауапты  қағазға жазып, әділ қазылар алқасына өткізді. Ойын қортындысы бойынша 30 сұрақтың 21 дұрыс жауап берген  №3 мектептің «Team Q»командасы жеңімпаз атанды. Интеллектуалдық ойында күміс жүлдеге 19 ұпаймен №15 мектеп лицей оқушылары жайғасса, қола жүлдені 17 ұпаймен №16 мектеп командасы қанжығаға байлады. Ойын соңында барлық  жеңімпаздар Жастар ресурстық орталығы дайындаған естелік сыйлықтарға ие болды
  6. Балқаштық «Металлург» әуесқой командалар арасында өткен облыс біріншілігінде екінші орынға ие болды. Бұл турнирдегі жерлестеріміздің алғашқы күміс жүлдесі. Әуесқойлар біріншілігі  маусым айында басталған еді. Турнир барысында  9 команда екі айналымнан ойнады. Балқаштық «Металлург» 16 матч өткізіп, оның 13-жеңіске жетті, 3 ойында  жеңіліс тапты.  Соңғы екі ойын сырт алаңда, Қарағандыда өтті. Жергілікті ойыншылар Теміртау командасын 11:1 есебімен ойсырата ұтқанымен, «Шахтер» клубымен өткен ойында 3:0 есебімен ұтылды. Турнир қорытындысы бойынша «Металлург» 39 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Ал бірінші орында бірнеше жыл қатарынан жеңісті қолдан бермей келе жатқан «Гефест» командасы. «Горняк» болса турнир кестесінің үшінші сатысына жайғасты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login