Қалада қоқыспен күрес күшейтілді

Қаланы үйіліп жатқан қалдықтан арылту үшін әкімдікте арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ТКШ мамандары, тәртіп сақшылары және сәулет бөлімінің қызметкерлері кірді. ТКШ бөлім басшының м.а. учаскелік полицеймен бірге демалыс үйлері мен саяжай аумағын аралады. Бұл аймақта  шомылу маусымы аяқталғанымен, шашылған қоқыс сол күйінде қалған. Жағалаудың да жағдайы мәз емес. Тексеріс кезінде саяжайшылар мен демалыс үйлерінің иелеріне қалған қалдықты жинау керектігі туралы ескерту жасалды. Заң бойынша әрбір адам өз учаскесінен 5 метр жерге дейін таза ұстау керек. Егер ереже бұзылса онда қоқыс үшін жеке тұлғаларға 50 мың, заңды тұлғаларға 76 мыңнан бастап 250 мың тг дейін айыппұл салынады.

Айрат Қарамурзин ТКШ бөлімі басшының м.а: «Біз мұндай тексеріс жұмыстарын қала шетінен бастадық. Енді шаһар ішін аралап, тұрғындарға абаттандыру ережесін түсіндіреміз.Егер айтылған ескертпелер жойылмаса онда полиция қызметкерлері айыппұл салады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login