Балқашта кәсіпкерлер мен кәсіп түрі көбейеді

«Бастау Бизнес»  жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыған тұрғындар өз бизнес жоспарларын қорғады. Жалпы саны 40 адам әр түрлі салада өз ісін бастамақ. Клинингтік компания, сұлулық салоны, тігін цехы, балаларды дамыту орталығы, барбершоп, мерекелік кештерді безендіру қызметі, көлік жөндеу орталығы. Арасында екі сиыр алып, мал шаруашылығын дамытқысы келетіндер де бар. Бизнес жоспарын қорғап шыққан тұрғындардың барлығы «Бастау Бизнес»  жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығанын растайтын сертификатқа ие болды. Енді олар бұл құжатпен мемлекеттен бөлінетін грантқа үміткер бола алады. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қажетті құжаттарды жинап жұмыспен қамту орталығына өткізулері қажет. Кейін облысқа барып, бизнес жобаларын таға бір рет қорғайды. Ең үздік жоба авторларына 250 және 500 мың тг көлемінде  грант беріледі.

Қуат Сейфуллин — «Bastau Бизнес» жобасына қатысушы: «Қазір қаладағы жалғыз ерлер шашын алатын шаштараздан өзіме орын алып, сонда жұмыс істеймін деген ойым бар. Сол үшін грантқа қатысып, ұтқан ақшама керекті жабдықтарды алсам деймін. Өзім осы салада жұмыс істегенмін. Тәжірибем бар

Индира Сайдиева — «Bastau Бизнес» жобасына қатысушы: «Мен өз бизнесімді кеңейткім келеді. Ерін, көз, қасты әрлейтін арнайы аппарат сатып алғым келеді. Біз 1 ай ішінде кәсіпті қалай жүргізуде, неден бастауды, нені ескеруді үйрендік. Көп қызықты, маңызды ақпарат алдық»

Егер сізде кәсіпкерлік негіздерін оқып, грантқа үміткер атанғыңыз келсе онда мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Қазіргі таңда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша екінші кезеңге қатысушылардың тіркеу жүргізілуде. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып, өтініш қалдыру қажет. Оқу 8 қазан күні басталады. Ұзақтығы 1 ай.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login