Балқаш жаңалықтары 03.10.2019

  1. 1 қазанда Қазақстанда тәртіп сақшыларын кезектен тыс аттестаттау басталды. Осы айдан бастап елде жаңа мереке аталып өтілмек. 2019 жылдың 1 қазанында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау басталды. Ол үш кезеңде өтеді.  Ең алдымен сынақты полиция басшылары мен бірінші басшылар тапсыратын болады. Қызметкерлердің заңды  қаншалықты білетіні, мен логикалық сұрақтарға жауап беруі тексеріліп, компютерлік тестілеуден өтеді. Одан өзге физикалық дайындықтары сыналады. Барлық сынақ ашық түрде өту үшін оның әр кезеңі  бейнеге жазылады.Сертификаттау 2020 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады. Осы айда елде электр энергиясына жаңа шекті тарифтер енгізіле бастайды. Енді энергия өндіретін ұйым электр энергиясының өзіндік құнын өз бетінше шешуге мүмкіндік алды. Алайда бағалар белгіленген шекті тарифтен жоғары болмауы керек, ол энергия өндіруші кәсіпорындар үшін үш жылға бекітіліп, жыл сайын саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып түзетіледі. Қазан айында кәсіпкерлер онлайн кассалық машиналарды қолдануға көшеді. Бұл өзгеріс сәуірден бастап еңгізілген болатын. Жыл соңына дейін бұл жүйеге 633 қызмет түрі өтуге міндетті. Бүгінде 400 ден астам қызмет түрі көшкен. Соңғы тоқсанда  200 ден астамы аусуы тиіс. Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Енді 16 қазан – ресми түрде нан күні болып бекітілді. Бұл күн 1945 жылы Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының құрылуымен тұспа-тұс келеді.Ал, қараша айында ауылшаруашылық, тамақ және қайта өңдеу салаларының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін тойлайды
  2. Балқашта ыстық су қайта сөндіріледі. Жылыға енді қолы жеткен жұрт тағы бірнеше күн тек суық сумен отырады. «Су Жылу Транс» мекемесінің ақпаратында ыстық су 7  қазан күні тоқтатылады. Осы күннен бастап коммуналшылар құбыр желісін жуып, тексерістен өткізеді. Аяқталғаннан кейін 12 қазан күні ыстық су мен жылу қатар беріледі. Пәтерлерде жылу бекітілген кесте бойынша пайда болады
  3. Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 9,1%-ға өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ статистика комитеті хабарлады. Нан-тоқаш өнімдері мен жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және  көкөністер қымбаттаған тауарлар тізімінде. Ал, қант пен жеміс бағасы керісінше  арзандаған Бүгінде Балқаш қаласы бойынша күріштің орташа бағасы  367тг, былтырғы жылмен салыстырғанда 50 теңгеге қымбат. Қырыққабат пен жұмыртқа бағасы шамамен 15% көтерілген. Нан мен сүт өнімдерінің бағасы да 5-7 теңгеге өсті. Ал жуа, сәбіз, қызылша, картоп секілді  маусымдық көкөністер 20-30 тг арзандаған. Былтыр бір келісі 275 теңгеге сатылған қант бағасының құны биыл 260 тг төмендеген
  4. Балқаштық дәрігерлер жүкті әйелдер мен балалар күтімінің жаңа әдістерін зерттеп жатыр. Қаламызда «Антенатальді күтім» тақырыбында тренинг өтуде. Бүгінгі күннің басты тақырыптарының бірі вирус түрлері, және олардың жүкті әйел мен ұрыққа әсері. Балқаш, Шет, Ақтоғай және Приозерсктің 30 акушер, гинеколог дәрігерлері антенатальді күтімнің жаңа әдіс-тәсілдерін 5 күн үйренеді. Тренингті Қарағанды және Алматы қалаларынан келген мамандар жүргізуде. Теория мен практика біріктірілген оқу барысында оқиғалық тапсырмалармен топ арасында бірқатар жұмыстар атқарылады. Оқыту 30 қыркүйек күні басталды. Енді дәрігерлер 4 қазанға дейін күнде сағат 9-дан 16.00-ге дейін  тренингке қатысып, өз білімдерін толықтырады. Шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығы сертификатқа ие болады
  5. Балқашта кәсіпкерлер мен кәсіп түрі көбейеді. Бүгін «Бастау Бизнес»  жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыған тұрғындар өз бизнес жоспарларын қорғады. Жалпы саны 40 адам әр түрлі салада өз ісін бастамақ. Атап айтсақ, клинингтік компания, сұлулық салоны, тігін цехы, балаларды дамыту орталығы, барбершоп, мерекелік кештерді безендіру қызметі, көлік жөндеу орталығы. Арасында екі сиыр алып, мал шаруашылығын дамытқысы келетіндер де бар. Бүгін бизнес жоспарын қорғап шыққан тұрғындардың барлығы «Бастау Бизнес»  жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығанын растайтын сертификатқа ие болды. Енді олар бұл құжатпен мемлекеттен бөлінетін грантқа үміткер бола алады. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қажетті құжаттарды жинап жұмыспен қамту орталығына өткізулері қажет. Кейін облысқа барып, бизнес жобаларын таға бір рет қорғайды. Ең үздік жоба авторларына 250 және 500 мың тг көлемінде  грант беріледі. Егер сізде кәсіпкерлік негіздерін оқып, грантқа үміткер атанғыңыз келсе онда мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Қазіргі таңда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша екінші кезеңге қатысушылардың тіркеу жүргізілуде. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып, өтініш қалдыру қажет. Оқу 8 қазан күні басталады. Ұзақтығы 1 ай
  6. 3 қазан —  Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні. Соған орай бүгін еліміздің барлық мектептерінде бір уақытта «Эко-сағат» акциясы өтті. Сабақта әр сынып оқушылары мемлекеттік мекеме өкілдерімен табиғат мәселелерін талқыға салды. №4 мектептің 10-сынып оқушылары әлемдік мұхит пен оған деген адам ықпалын көрсетті. Ластау мен табиғи рерсурстарды ұтымсыз пайдалану қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Эко-сағатта оқушылармен бірге Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Қапашев та болды. Эко-сағаттан соң балғындар сөзден іске көшті. Балалар сабақтан соң аулаға шығып, қарағай отырғызды. Түлектер аллеясының қатарын толықтырып, мектап ауласына 20 түп ағаш екті
  7. Балқаштық жаттықтырушы қазақ күресінен Қазақстан чемпионы атанды. Оразғали Мұхаметжанов Талдықорғанда ардагер спортшылар арасында өткен Республикалық чемпионаттан екі бірдей жүлдемен оралды. Жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен 300-ге жуық палуан жиналған. Соның арасындағы 10 спортшы Қарағанды облысының намысын қорғады. Ал Балқаштан жалғыз барған  Оразғали Мұхаметжанов бұл дүбірлі дода да екі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.  Өз салмағы 60 келіде чемпион атанса, 66 келіде салмағы басым балуандармен күресіп, қола жүлдеге ие болды. 51 жастағы Оразғали Мұхаметжанов балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушы болып қызмет етеді. 15 жыл жасөспірімдерге білгенін үйретіп, облыс, қала, република жүлдегерлерін тәрбиелеуде.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login