Балқаш жаңалықтары 25.09.2019

  1. ЖЭС балқаштықтарға жылу беруге дайын. Кәсіпорынла 4 қазандық пен 3 трубоагрегатты жөндеу аяқталды. Ал қажетті отынға келетін болсақ онда  қазіргі кезде 260 мың тонна көмір қоры бар.  Мамандардың айтуынша мұнша көмір 2,5 айға жетеді. Ал мазут қоры 700 тонна. Бекітілген кесте бойынша отын  жылу маусымы аяқталғанша «Молодежный» разрезінен жеткізіліп отырады. ЖэС қазіргі таңда №6,7,8,9  қазандықты жөндеу және №2,6,7 трубоагрегатты жөндеу аяқталды
  2. Қазақстандықтар есірткі қылмысын анықтауға өз үлесін қоса алады. ІІМ тұрғындарға арнап, WhatsApp- мессенджерін іске қосты. Егер есірткі сату, таратуға қатысты мәлімет білсеңіз немесе көрсеңіз  8 777 785 66 51 нөміріне хабарласуға болады. Түскен ақпарат бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті тексеру, тергеу амалдарын жүргізеді. Тұрғындардан мәліметпен қоса фото немесе видео қабылданады.  Мысалы, аулада жүрген күдікті адамдарды, есірткіні насихаттайтын қабырғаға салынған суреттерді, оңай ақша табуды ұсынатын күмәнді хат-хабарларды суретке түсіріп ІІМ іске қосқан WhatsApp нөміріне жіберуге болады
  3. Мәскеуден Алматыға жаяу шыққан саяхатшы бүгін Балқашқа келді. Ол осыдан 4 ай бұрын жолға шыққан. Арқасында ауыр жүгі бар ресей азаматы осы уақыт аралығында 4 аяқкиім ауыстырған.  Ол бұл саяхатын әкесіне арнап отыр. Бүгін оны қала басшылары, жастары және тілшілер қауымы күтіп алды.  Ерекше саяхатшы жайлытолығырақ келесі материалда. 16 мамыр күні ер адам Мәскеуден Алматыға қарай бағыт алған. Адымдай басып Медеуге жетпек. Саяхатшының айтуынша ол күніне  50 км жол жүреді екен.  Ең қызығы 61 шақырымға аяқ басқанда 61-ге толған. Ресейлік саяхатшы мамандығы бойынша режиссер. Саяхаты туралы фото және видео күнделік бастаған. Ал жергілікті тұрғындар болса оның батылдығына таңқалуда. Мәскеу мен Алматы аралығы 5 мың км. Ресейлік саяхатшы бұл қашықтықты еңсеру үшін өзімен бірге ең керек деген заттарды ғана алуға тырысқан. Алайда соның өзінде артындағы сөмкесінің салмағы 30 келіге жеткен. Михаил Маржуков саяхатын бастағанда қасында серігі  болған. Кейін тағы бір саяхатшы қосылыпты. Алайда екеуі де орта жолда қалған екен.  Ал Михаил жолдың ұзақтығы мен сөмкесінің ауырлығына қарамастан күн суытқанша Алматыға жетуді көздеп отыр
  4. Ән еркесі – Манарбек. 26 қазанда әнші, сазгер, актер, халық әртісі Манарбек Ержанов атындағы «Сайра, бұлбұл!» атты аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтеді. Қатысушылардан өтінім қабылдау басталып кетті.Байқау үстіміздегі жылдың 26-шы қазанында сағат 11.00-де Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтеді. Дәстүрлі ән додасына қатысушылар Ержанов шығармашылығынан немесе әнші репертуарынан 1 ән және еркін тақырыптағы дәстүрлі әндердің біреуін орындауы тиіс. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Сайыскерлерді бағалауда  дәстүрлі ән орындау шеберлігі, сахна мәдениеті, ұлттық киім, домбыра мен ән үндестігі басты назарға алынады. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Өтінімдер Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығында 23-ші қазанға дейін қабылданады
  5. 29 қыркүйек Дүниежүзілік жүрек күні. Атаулы дата 2001 жылдан бері аталып өтіледі.  Қазақстанда жүрек және қан тамырлары аурулары өлімге душар ететін қауіпті дерттердің тізімін бастап тұр. Жүрек – ағзаның моторы. Егер салмақ артық болса, оған көп күш түседі. Майлы тамақ жеу, шылым шегу, стресс алу, депрессияда жүру оның қызметінің бұзылуына әкеліп соғады.  

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login