Балқашта бейнебақылау камералары арқылы 40-тан астам қылмыс ашылды

Қазіргі уақытта қала бойынша 238 бақылау камерасы орнатылған. Қалалық бейнебақылау жүйесі халық көп жиналатын орындарға алаңдар мен, вокзал аумағына, стадион, базар, сондай-ақ маңызды мемлекеттік ғимараттар маңына қойылған. 238 бақылау камерасының 95-і аулаларға орнатылған. Ондағы бейнежазбаны тәртіп сақшылары мен тұрғындар онлайн режимде көріп отырады.  Осы мүмкіндіктің арқасында жыл басынан бері 41 қылмыстың беті ашылған. 3918 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. оның 3 мыңнан астамы жол ережесін бұзуға қатысты.  Сондай-ақ, шаһардың 7 ауласында «Қауіпсіз аула» жобасының камералары бар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login