Балқашта «Бастау» жобасы бойынша қатысушылардың тіркеуі басталды

Кәсіпкерлік негізін оқы да, өз кәсібіңді ашуға грант ұтып ал. Балқашта «Бастау» жобасы бойынша екінші кезеңге қатысушылардың тіркеу басталды. Бұл жолы 120 адамды қамту жоспарланып отыр. Бизнестің қыр-сырын үйренгіңіз келсе жұмыспен қамту орталығына немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып, өтініш қалдыру қажет. Оқу 8 қазан күні басталады. Ұзақтығы 1 ай. Осы уақыт аралығында қатысушылар кәсіпті  бастауды, жүргізуді және бизнес жоспар құруды үйренеді.  Тек оқып қана қоймай, 17 мың тг жуық шәкіртақы алады. Өтініштер көпбалалы аналардан, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан, жұмыссыздардан және өзі өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтардан қабылданады. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Сол бойынша мемлекеттен кәсіп ашуға грант немесе жеңілдетілген несие алуға болады.

Виктор Мунтян — «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының менеджер кеңесшісі: «Кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алғаннан кейін қатысушылар 200 мыңнан бастап 500 мыңға дейін грант алуларына болады. Немесе жеңілдетілген несие рәсімдеуге мүмкіндіктері бар. Өтінішпен бірге жеке бас куәлігін, мекен жай анықтамасын және халық банкінен ашылған шот анықтамасын әкелу қажет

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login