Балқашта балалар ойын алаңы өртке оранды

Оқиға сенбі  күні Томпиев көшесіндегі 5 үйдің ауласында 15.00 шамасында болды. Тұтанған от пластиктен жасалған ойын кешенін әп сәтте қызыл жалынға ораған. Оны көрген жақын маңдағы  тұрғындар  бірден өрт сөндірушілерге хабар береді. Алайда мамандар жеткенше тілсіз жау күшейе түскен. Жалын 3 минутта өшірілді. Жалпы аумағы 10 шаршы метр жер өртенген. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты пайдаланудағы абайсыздық себеп болған. Бұл істі әрі қарай полиция қызметкерлері тексереді. Егер қасақана өрт қою фактісі анықталса, онда кінәлі келтірілген шығынды өтейді.

Иван Татьков – Балқаш қаласының ТЖБ бас маманы: «Өртті сөндіруге 1 техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды. Қызыл жалынның шығу себебі анықталу үстінде. Осы іс бойынша материал Балқаш қаласының полиция бөліміне жіберілді»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login