Қалада қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі өтті

Балқаштық жас балуандар облысқа жолдама алу үшін боз кілемге шықты. Қалада қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі өтті. Спорттық  додада 14-20 жас аралығындағы 90-ға жуық спортшы бақ сынады.

14 жастағы Ернат Қажымұратұлы үшін бұл турнир екінші жарысы. Ол 38 келі салмақта бағын сынайды. Алғашқы сайысында жүлдеге ілінбеген. Ал бүгін барын салып, намысқа тырысуы қажет.

Ернат Қажымұратұлы «Жас барыс» қалалық турнирінің қатысушысы: «Мен Елдос Сметов ағамызға еліктеймін. Ол кісі бала күнінен қатысқан, әлі күнге дейін қатысып жүр. Ол кісі талай рет әлем чемпионы болды. Олимпиада чемпионы болды. Менде сол кісі сияқты әлем чемпионы болғым келеді.

«Жас барыс» қалалық іріктеу турниріне қаламыздың спорт кешендерінен 90-ға жуық балуан қатысты. 14 тен 20 жасқа дейінгі спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай  3 топқа бөлініп, 15 салмақ бойынша сынға түсті.

Оразғали Мұхаметжанов бас төреші: «Біздің мақсатымыз қазақ күресін дамыту. Балқаштан мықты мықты балуандар шыққан. Енді соның жалғасын тапса дейміз. +3 жас аралығында болып жатыр. 2004-2005-тер басталады 38-ден + 63, 2002-2004 ж. олар 46-дан басталады, 46-дан 73-ке дейін, 99-2001-лер 51-ден 100 кг-нан асқанға дейін болатын жарыс бұл

«Жас барыс» қалалық іріктеу  турнирінің қорытындысы бойынша әр салмақтан бірінші орын алған  15 балуан облыстық турнирге жолдама алды. Ал 2 күнге созылатын облыстық дода 10-шы қазан күні Қарағанды қаласында өтеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login