Балқаш жаңалықтары 19.09.2019

  1. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаңа лауазымға тағайындалды. Енді ол Президент Әкімшілігін басқарады. Кеше мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті жаңа қызметке тағайындады. Ерлан Қошановтаорталық өңір басшысы қызметін 2,5 жыл атқарды. Осы уақыт аралығында жұмыс сапарымен Балқашқа бірнеше рет келді. Көктемде Гүлшат кентінде салынған күн электр станциясының ашылуына қатысып,  жазда  Балқаштың  жаңа әкімін таныстырды. Айта кететін, қызықты факт Қошанов кезінде өз еңбек жолын слеарь ретінде бастаған. Жасы қазір 57-де. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметте түрлі лауазымда жұмыс істеді. Ал кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.  Президент Қошановтың орнына премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбекті ұсынды. Жасы 44-те. Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «архитектор-дизайнер»  кейін Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандағы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын  Қазақ бас сәулет құрылыс академиясында зерттеуші қызметінен бастаған. Транспорт және коммуникация министрі, кейін инвестициялар  және даму министрі болып қызмет атқарған. Егер оның кандидатурасын облыстық маслихат депутаттары қолдаса, онда Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысына әкім болып келеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды. Оның орнына Президент әкімшілігін басқарған Қырымбек Көшербаев келді. Индустрия және  инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ҚР Премьер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал осы уақытқа дейін сыртқы істер мистрі қызметін атқарған Бейбіт Атамқұлов оның орьнын басты. Енді Сыртқы істер министрлігін Мұхтар Тілеуберді басқарады
  2. «Су Жылу Транс» мамандары Сейфуллин көшесінде жарылған жылыту құбырын қалпына келтіруге кірісті. Қазір апат орнында  «Су Жылу Транс» мамандары жұмыс істеуде.  Жарылған құбыр диаметрі 630 миллиметр, ұзындығы 11 метр болатын жаңасына ауыстырылады. Алмастыру жұмыстары апта соңында аяқталады. Кейін қала бойынша жылу желілері тағы жоғары қысыммен су жіберу арқылы тексеріледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл келеңсіз жағдай өткен бейсенбі күні түскі сағат үштер шамасында Сейфуллин көшесі 10 үйдің маңында болды. 2,5 метр тереңдікте жатқан жылыту құбыры жарылып, одан атқылаған  су 30 метрде тұрған талды сындырып, автокөлік тұрағындағы автомобильдерге зақым келтірді. Қатты қысыммен шарпыған судан 5 көліктің терезесі сынып кеткен. Қазіргі таңда келітірілген шығынды өтеу үшін іс сотқа жіберілді. Бар жауапты «Су жылу Транс»  мекемесі өз мойнына алып отыр
  3. Балқашта 1500-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Қазірдің өзінде қаламызда 700-ге жуық бос жұмыс орны бар. Оның ішінде мұғалім, тәрбиеші, жүрізуші мамандықтары сұранысқа ие. Биылғы жылы 1500-ден астам балқаштық өзіне тұрақты жұмыс тапқан. Ал 500-ден астам адам уақытша жұмыспен қамтылды. Оның ішінде жастар практикасына 56 маман, қоғамдық жұмыстарға 427, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 адам жолданған. Сонымен қатар, қысқа мерзімді курсқа жіберілген 205 адамның 100-ге жуығы оқуын аяқтады. Қазіргі таңда 55 балқаштық алған  мамандығы  бойынша тұрақты жұмыс істейді. Жұмысқа орналасу үшін Уәлиханов көшесі 5-ші үй мекен-жайында орналасқан Балқаш қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына бару қажет. Немесе енбек.кз порталына тіркеліп, бос жұмыс орындарын көруге болады. Электрондық еңбек биржасында онлайн режимде түйіндеме толтыруға  мүмкіндік қарастырылған
  4. Балқаштық жастар полицейлермен бірге қоғамдық тәртіпті қадағалауға шықты. Еріктілер қала көшелеріне шығып, қоңырау бойынша шақыртуларға барады. Шаһарда 15 қыркүйектен бастап «Учаске» акциясы басталған болатын. Жыл соңына дейін учаскелік инспекторлар есепте тұрған отбасылардың мекен жайына барып, тексеріс жүргізеді.  Тәртіп сақшыларына бүгін еріктілер көмектесті. Қала көшелерін аралауға полицейлермен бірге еріктілер ере шықты. Ресурстық орталықтың жастары күнде осылай қызметке шықпақ. Еріктілер қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай, ІІБ келіп түскен шақыртуларға полицейлермен бірге еріп барады
  5. Үйірменің үйретері көп. Жаңа оқу жылы келісімен үйірмелерге жазылу басталып кетті. Баланы жастайынан өнерге, ғылымға бейімдеймін дейтін ата аналапр үшін таңдау көп. Оқушылар сарайы, өнер мектебі, мәдениет сарайында жалпы 50-ге жуық тегін үйірме бар. Қаламыздағы «Өнер мектебі» хореография, музыка, көркемсурет бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Мұндағы оқушылар 5 класс бойынша білім алып шығады. Өнер ордасынан көпбалалы отбасының балаларына тегін өнер үйренуге жағдай жасалған. Ол үшін тиісті анықтама қағазын әкелсе болғаны.Қаламыздағы ең көп үйірме оқушылар сарайында. Мұнда  40-қа жуық үйірме бар. Авиамодельдеу, работотехникадан бастап, «Сиқырлы саусақ» шеберлері, «Жас тілшілер» де осында. Биылғы жаңашылдықтары бокс, дзюдо, шағын футбол секциялары ашылған. Жасөспірімдерге арналған 2еріктілер клубы «Уан Пауэр» мен «Уникум» тұлғаны дамыту орталығы тізімді толықтырып тұр.

Оқушылар сарайындағы тегін үйірмелердің тізімі

I. Ғылыми-техникалық бағыт:

1. «Авиамодельдеу» үйірмесі

2. «Авто-судомодельдеу» үйірмесі

3. «3D модельдеу» үйірмесі

4. «Радиолюбитель» клубы

5.  «Робототехника» үйірмесі

6. РТ Студия «Стоп кадр»

II.Сәндік-қолданбалы өнер:

1. «Сиқырлы саусақ» үйірмесі

2. «Эксклюзив» студиясы

3. «Креатив» студиясы

4. «Асыл шебер» үйірмесі

5. «Бейнелеу әлемі» үйірмесі

III. Социалды-педагогикалық бағыт:

1. «Қазақшаңыз қалай» үйірмесі

2. «Жас тілші» үйірмесі

3. «Жас Қыран» клубы

4. «Уникум» жеке дамыту орталығы

5. «Қазақшаңыз қалай» үйірмесі

6. «Айбын» әскери-патриоттық үйірме

8. «Reporter» медиа-клубы

9. «Лидер» клубы

10. «Жас Ұлан» клубы

11. «One Power» волонтерлар клубы

12. «Ораторское мастерство» үйірмесі

IV.Спорттық бағыт:

1. «Белая ладья» шахмат клубы

2. «Логика» дойбы клубы

3. «Спарта» спорттық клубы

4. «Дзю-до» секциясы

Стэндап

Үйірмелер сан түрлі бағытты қамтиды. Ұсыныс көп, таңдау жасасаң болғаны. Қажетті құжаттар көп емес, ата-ананың өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі және бала денсаулығы жөніндегі медициналық анықтама. Үйірмелерге мектеп жасындағы барлық ұл-қыздардың қатысуға мүмкіндігі бар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login