Балқашта ыстық су бағасына қойылған жаңа тариф бағасы уақытша күшіне енбейді

Бұл туралы жауапты мекеме мәлімдеме жасады. Көтерме тариф тамыз айынан бері есептеліп, түбіртектер тұрғындарға таратылып қойған болатын. Алайда, құжат мақұлданбағандықтан, халық тамыз айынына ыстық су бағасын ескі тариф бойынша төлейтін болады. Апта басында «Су Жылу Транс» басшылығы есептегіш құрал бойынша         текше метрге 262 тг, ал тұтыну нормасы бойынша  адам басына        919 тг есептейтінін мәлімдеген еді. Алайда, Қарағанды облыстық табиғи монополияларды реттеу пепартаментінің құжатты қайта қарайтындығына байланысты, тарифтағы өзгеріс тоқтатылды.

Айбек Рахимберлин – «Су Жылу Транс» КММ директоры: «Ескі тариф өз күшінде қала береді. Сол ескі тарифпен төлей береді. Жаңағы тарифтың заңдылығы ТЭЦ-тің бағаның көтерілуі шешілгенге шейін ескі тариф өз күшінде қала береді. Ал жаңа тарифті әзірше енгізбейміз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login