Балқаштықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін Қарағанды қаласына барып емтихан тапсыру керек

Балқаштықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін Қарағанды қаласына барып емтихан тапсыруға тура келеді. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде тіркеу-эмтихан қабылдау бөлімшелері өз жұмыстарын тоқтатқан болатын. (Жыл басында жүргізушілердің теориялық және тәжірибелік емтихандарын қабылдау құзыреттілігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өткен болатын. 1 шілдеден бастап қалалардағы тіркеу-эмтихан қабылдау бөлімшелері жабылып, олардың функциялық міндеттерін Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына алған еді. Ендігіде Балқаштағы халыққа қызмет көрсету орталығында тек жүргізуші куәлігінен айырылғандар ғана емтихан тапсыра алады. Ал алғаш рет жүргізуші куәлігін алайын деп отырғандарға облыс орталығына баруға тура келеді. Осылайша, теориялық және тәжірибелік сынақтан өте алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login