Оқушылар сарайында ашық есік күні өтеді

Оқушылар сарайында 15 қыркүйекте үйірмеге жазылу үшін ашық есік күні өтеді. Оған 7 мен 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.

Үйірме көркемдік эстетикалық, сәндік қолтаңбалы, спорттық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік педагогикалық  бағыттар бойынша өтеді. Секцияға қатысу үшін  қажетті құжаттар ата-ананың өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен медициналық анықтама қажет. Жалпы  биыл білім ордасында 45 үйірме жұмыс істейтін болады. Оған 2600 бала қабылданады деп жоспарлануда. Оның ішінде ағылшын, фортопиано, би мен гитара курсы ақылы, қалғанының бәрі тегін. Ақылы секцияға көпбалалы отбасынан шыққан балалардың тегін қатысуға мүмкіндіктері бар.Ол үшін қатысушы  көп балалы статусын растайтын құжат тапсыру қажет. Үйірмеге қабылдау 1 қыркүйектен басталды. Ал, 15 қыркүйек күні ашық есік күні өтіп, сол күні барлық оқушылар тізімі құрылатын болады.

Утенова Алия – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Ашық есік күні» таңғы 10.00-де оқушылар сарайында өтеді. Ол жерде қатысушылар барлық үйірмелерден ақпарат алып, өзіне қажет деп шешкеніне жазыла алады. Биыл бізде дзюдо, шағын футбол мен бокстан жаңа үйірмелер ашылды. Әр секцияға 12-15 қатысушыдан қабылданады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login