Балқашта ыстық судың бағасы қымбаттады

1 тамыздан бастап «Су Жылу Транс» мекемесі ыстық судың бағасын 2 есеге қымбаттатып отыр. (Ыстық су бағасы тарифінің көтерілгенін тамыз айына келген түбіртектерден көруге болады. Бағаның көтерілуіне себеп, жылу электр станциясы химиялық тазартудан өткен судың бағасын 3 есеге арттырған. Жауапты мекеме басшылығының сөзінше  бұл шешім департаментпен бірлесе отырып шығарылған. Есептегіш бойынша қаншалықты мөлшерде су жұмсаса, 1 текше метріне осыған дейін 136 теңге төлесе, ендігіде 262 теңге  төлейтін болады. Ал ыстық суында есептегіші жоқ балқаштықтар үйдегі адам басына есептегендегі шығын нормасы 3 жарым текше суға 919 теңгеден төлейтін болады.

Айбек Рахимберлин – «Су Жылу Транс» КМК директоры: «ТЭЦ 3 есе көтергенмен біз жаңағы 70 процентке ғана көтердік. Сондықтан қазір ана хабарландырудың бәрін  бердік түгел халыққа айттық. Бірақ халықты әрине мен түсінемін. 919 теңге дейді бұл 3,5 куб бір адамға. Негізі кубтың бағасы ыстық судың бағасы 234 теңге НДС қосқанда 262 теңге негізі»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login