Балқаш жаңалықтары 05.09.2019

  1. Балқашта жүзу маусымы ресми түрде жабылды. Су температурсы төмендегендіктен, шомылуға тыйым салынады. Ағымдағы жылы жаз мезгілінде 3 адам көлде қаза тапты. Мәселен, маусым айында 15 жастағы бала Техснаб кентінде суға батып кетті. Шілде айында 44 жастағы Ресей тұрғыны балық аулау кезінде торға оралып, қайтыс болса, дәл осы айдың аяғында тағы да бір қайғылы оқиға орын алды. Күз мезгілінің келуімен жүзу маусымы ресми түрде жабылды. Қазірдің өзінде судың температурасы төмен түскен. Құтқарушылар шомылудың соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін екенін ескертеді
  2. 5 қыркүйек  Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл мереке Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінің құрметіне берілген. Осы датаға орай бүгін мәдениет сарайында тілдер фестивалі өтті. Шараға балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері, ағылшын тілі мен орыс тілін тәмамдаған курс түлектері қатысты. Фестиваль қатысушылары қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде өлең оқып, ән шырқады. Солардың бірі 29 Жастағы Мадияр Кодек бүгінгі шарада  ағылшынша «Туған жерім» өлеңін оқып көрермен көзайымына айналды. Мемлекеттік тілді немесе ағылшын тілін меңгергісі келетін балқаш тұрғындарын Балқаш қаласының тілдер орталығы  3 айлық тегін курсқа шақырады. Оқу аптасына 5 рет өтеді.Сабақ ұзақтығы 1 сағат 20 минутты құрайды. Жыл басынан бері қала бойынша 189 тұрғын мемлекеттік  тілді меңгерсе, 116 адам ағылшын курсын тәмамдаған. Курсқа қатысқысы келетін азаматтарды Қараменді би, 10 мекенжайында орналасқан тілдер орталығына барса болады
  3. «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушылары өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды. Курсты тәмамдағандар ендігі жерде грант ұтып, өз істерін бастауға үмітті.Кәсіпкерлік негіздерін оқуға 47 адам ниет білдірген. Жоба аясында 18-бен 28 жас аралығындағы тыңдаушыларға кәсіп ашу жолдары үйретілді. Нәтижесінде 34 курс қатысушысы өз бизнес жобаларын қорғауға мүмкіндік алды. Жас кәсіпкерлер клинингтік компания, планетарий, фотокабинка, ветеринарлық дәріхана, музыка мектебін ашсақ деген жоспарда. Осы ойларын балқаштық комиссия мүшелеріне қорғағандар, облыстық тыңдалымға жолдама алды. Ендігіде қатысушылардың бизнес жобалары облыстан мақұлданып жатса, олар 505 мың теңге көлеміндегі грант ұтып алмақ
  4. Балқашта Халықаралық регата желкенді қайық жарысы бастау алды. Олимпиадалық спорт түріне жататын регатаға Армениядан, Өзбекстаннан, еліміздің 5 өңірінен қатысушылар келді. Ерекше спорт түрінің жарысы  қыркүйектің 9-на дейін жалғасып, сол күні жеңімпаздар марапатталмақ. Халықаралық «Балқаш 2019 регатасының» ашылуы 4 қыркүйекте өтті. Шараның ашылу салтанатында «Балқаштық желкенді қайық спорт федерациясының» төрағасы мен құрметті қонақтар болды.  Мұндай регата қаламызда  2-ші мәрте өткізіліп отыр. Желкенді спорт бәсекесіне Армения, Өзбекстан елдерінен, Шымкент, Түркістан, Алматы қалалары мен жергілікті балқаштық спортшылар қатысуда. Бүгінгі додада нәзік жанды қыздардың да қарасы көрінеді. Соның бірі 13-тегі Светлана Чуликова. Желдің ыңғайына қарай желкенді қайықты басқаруды біледі.  Шаһарымыздағы халықаралық жарысқа Шымкенттен келген 10 қатысушының бірі. Алғашқы жарыс күнінің бірінші айналымында қарсыластарынан қалыспай мәре сызығына 2-ші болып жетіп отыр. 40-қа жуық адам қатысып отырған регата жарысы 4 топ бойынша өтуде. Олар: «Луч», «Луч-радиал», «Кадет» және «Оптимис». 4 күн бойы қатысушылар көк теңізде үшбұрыш бағытымен 2 айналым жасап, яғни күніне 1 жарым шақырымға жуық жерді жүріп өтеді. Халықаралық регата қыркүйектің 9-ына дейін жалғасып, сол күні жеңімпаздар марапатталмақ. Үздік спортшыларды   бағалы сыйлықтар күтуде
  5. Балқаштық футболшылардың Қарағанды құрамасымен өткізген ойыны жеңіспен аяқталды. Бұл футболшыларымыздың облыс біріншілігіндегі әуесқой құрамалар арасындағы 10-шы ойыны. Бұл жолғы қарсыластары қарағандылық «Сұңқар» командасы болды. Есепті бірінші болып ашқан «Металлургтік» аяқ допшылар. 1-ші таймның 6-шы минутында алғашқы голдың авторы Эльмир Махмадов болды. Ойыншымыз матч барысында қарсыластарына тағы да 3 гол соқты. Алғашқы тайм, есебі 7:0 болса, ойынның екінші айналымында «Металлург» есепті тағы арттырып, 11:0 етіп жеңіске жетті. Балқаштықтардың келесі ойыны 8 қыркүйек күні сырт алаңда өтеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login