Балқаш жастарының қала әкімінің грантын ұтып алуға әлі де мүмкіндіктері бар

Егер өз кәсібіңізді дамытқыңыз келсе немесе жаңадан бизнес ашпақ ойыңыз болса онда байқауға қатысып, бағыңызды сынап көріңіз. Өтініштер 10 қыркүйекке дейін жастар ресурстық орталығында қабылданады. Ал гранттың жалпы сомасы 7 млн теңге. Қаржы кандидаттарға бөлініп беріледі.  Талап бойынша байқауға 18 толған 28 ден аспаған Балқаш, Гүлшат, Саяқ кенттерінің жастары қатыса алады. Өткізетін құжаттарға тоқталатын болсақ, жеке бас куәлігінің көшірмесі, бизнес-жоспар және несие тарихы, салық бойынша қарызы жоқ туралы анықтама қажет.Одан бөлек бизнес жоспарда көрсетілген сомманың 10  пайызы қатысушының жеке шотында жатуы тиіс. Кейін  кандидаттар арнайы комиссия алдында өз жобаларын қорғайды. Бұған дейін коммисияның бірінші отырысында  4 балқаштық жас  кәсіпкерге жалпы сомасы 3 млн теңгені құрайтын  қайтарымсыз қаржы берілген. Енді қалған 4 млн-ға жуық қаражат 2 кезеңде ұтысқа тігіледі.

Амантаев Жанғали – «Балқаш қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры: «29 жасқа дейінгі  жастар Балқаш қаласының әкімінің грантына  қатысуға шақырамыз.Келіңіздер, қатысыңыздар. Толық ақпарат үшін рухани жаңғыру орталығына келулерін сұраймыз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login