Балқаш жаңалықтары 04.09.2019

  1. Бүгін Балқашта жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан қала тұрғыны зардап шегіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға түскі 12.00  шамасында Мир мен Желтоқсан қилысында болды. Алдын ала деректерге сүйенсек, Мир көшесімен келе жатқан Мазда маркалы көлігі мир көшесіне бұрылып бара жатқан тұста мотоциклге соқтығысқан.  Көлік тізгінінде 30 жастағы Балқаштық келіншек болған. Соқтығыс нәтижиесінде 46 жастағы мотоцикл жүргізушісі зардап шегіп, түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексерісінен кейін азамат үйіне босатылған
  2. Балқашта 29 жастағы ер адам іздестіріледі. Белгілі болғандай ол осыдан үш күн бұрын үйінен шығып, хабарсыз кеткен.Соңғы рет Есенгелді Сейтжаппаровты Сәтбаев шағын ауданынан көрген. 1 қыркүйек күні сағат түскі 12-де сондағы пәтерден шығып кеткен. Ер азамат сұр кепка, қара-көк кеудеше мен джинсы шалбар және қара туфли киген. Ерекше белгілері: бойы 170-175 сантиметр, қысқа қара шашты, қара көзді. Іздестіріліп отырған адамды көрген білгендер болса төменде көрсетілген телефон нөмерлеріне немесе 102 жедел нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Есенгелді Сейтжаппаров 10.02.1990 жылғы. Үйден шығып кеткен уақыты: 01.09.2019 ж. Жоғалған уақытта үстіне сұр кепка, қара-көк кеудеше мен джинсы шалбар, қара туфли киген. Айрықша белгілері: бойы 170-175 сантиметр, қысқа қара шашты, қара көзді. 102, 8 700 141 61 13, 8 700 139 22 54, 8 775 557 54 50, 5-46-81
  3. Балқашта жылу маусымына дайындық аяқталуға жақын. Мәселен, «Балқаш Универсал» мекемесіне қарасты  көпқабатты 316  үй жылу қабылдауға толықтай дайын. Ал Су Жылу Транс мекемесі жоспар бойынша 10 км құбырды жаңасына ауысытыруы тиіс еді. Қазір бұл жұмыстар 87  пайызға аяқталған. «Балқаш Универсал» жұмыскерлері соңғы тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Қыста пәтерлер жылы болу үшін жаз бойы жертөлелердегі ескірген құбырларды жаңалап, істен шыққан тетіктерді ауыстырған.  Тораптарды дәнекерлеп, құбырларға тексеріс жасаған. Айтуларынша қазір Балқаш Универсалға қарасты 359 үйдің 316-сы дайын. Ал, «Су Жылу Транс» жұмыскерлері Сәбитов көшесі №8 тұрғын үй бойындағы магистраль желісін ауыстыруда. Бұл жерде 60 метр құбыр жаңасына алмасады.  Жоспар бойынша жұмыстар  апта соңында аяқталуы тиіс. Жалпы Балқаш пен Қоңырат, Саяқ кенті бойынша бойынша жылу желілерін жаңалау 87 пайызға аяқталған. Жоспар бойынша 10 км құбыр жаңалануы  тиіс. Мамандар жылу берілгенше бәрін үлегерміз деп отыр
  4. Балқаш жастарының қала әкімінің грантын ұтып алуға әлі де мүмкіндіктері бар. Егер өз кәсібіңізді дамытқыңыз келсе немесе жаңадан бизнес ашпақ ойыңыз болса онда байқауға қатысып, бағыңызды сынап көріңіз. Өтініштер 10 қыркүйекке дейін жастар ресурстық орталығында қабылданады. Ал гранттың жалпы сомасы 7 млн теңге. Қаржы кандидаттарға бөлініп беріледі.  Талап бойынша байқауға 18 толған 28 ден аспаған Балқаш, Гүлшат, Саяқ кенттерінің жастары қатыса алады. Өткізетін құжаттарға тоқтсалатын болсақ, жеке бас куәлігінің көшірмесі, бизнес-жоспар және несие тарихы, салық бойынша қарызы жоқ туралы анықтама қажет.Одан бөлек бизнес жоспарда көрсетілген сомманың 10  пайызы қатысушының жеке шотында жатуы тиіс. Кейін  кандидаттар арнайы комиссия алдында өз жобаларын қорғайды. Бұған дейін коммисияның бірінші отырысында  4 балқаштық жас  кәсіпкерге жалпы сомасы 3 млн теңгені құрайтын  қайтарымсыз қаржы берілген. Енді қалған 4 млн-ға жуық қаражат 2 кезеңде ұтысқа тігіледі
  5. Балқашта қайырымдылық концерт өтеді. «Үміт үзбе» бірлестігі қалалық білім бөлімімен бірлесіп осылайша оқушыларға мектепке әзірлікке көмектеспек. Қайырымдылық концерті 6 қыркүйек күні оқушылар сарайында өтеді. Шарада балқаштық жас әртістер өнер көрсетеді. Билет құны 500 теңге. Концерттен түскен қаржы мұқтаж балаларға оқу жылына әзірлікке жұмсалады. Қайырымдылық шарасына қолдау білдіремін деген көрермендерді 6 қыркүйек күні кешкі сағат 18.00-де күтеді
  6. Арменияда желкенді қайық регатасынан халықаралық жарыс өтті. Оған Қазақстан атынан Балқаш  командасы қатысты. Сайыс  тамыздың 24 мен 30 аралығында Арменияның Севан қаласындағы Севан көлінде болды. Оған 4 мемлекеттен 6 команда қатысты. Атап айтқанда Ресей, Грузия, Қазақстан, Армения желқайықшылары өзара мықтыларды анықтады. Балқаш құрамасы бұл бәсекеде үздіктер қатарынан көрінді. Луч санатында өнер көрсеткен Костиков Николай қанжығасына алтын медальды байласа, Ситор Степан  қола жүлдегер атанды
  7. 2019 жылдың жазы да аяқталды. 3 айға жалғасқан жыл мезгілі жайма шуақ күндермен қатар құбылмалы ауа райымен көптің есінде қалды. Біраз адамдар көлге түсіп, уақытын тиімді өткізсе кейбір кісілер шет ел асып саяхаттап та үлгерді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login