##i-vengo banner

Халықаралық бокс турнирінде жерлесіміз чемпион атанды

Сербияда өткен халықаралық бокс турнирінде жерлесіміз Ерасыл Ермектің жұлдызы жанды. Боксшіміз кезекті алтын медалін қанжығасына байлады. Бұған дейін Ерасыл сәуір айында Болгарияда өткен халықаралық жарыста чемпион атанған болатын. Бұл жолғы бәсеке Сербия Республикасы, Врбас қаласында өтті. Халықаралық былғары қолғап бәсекесіне 21 мемлекеттен спортшылар қатысқан. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз 57 келі салмақ дәрежесі бойынша 4 кездесу өткізген. Сербия төрінде Ерасыл Ресей, Үндістан, Швеция елдерінің спортшыларымен 4 жекпе-жек өткізген. Финалдық кезеңде ресейлік еуропаның күміс жүлдегерімен сынға түсіп, 5:0 есебімен жеңіп шығады. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншілеп, командалық есепте 1-ші орын иеленген.

Ерасыл Ермек – бокстан халықаралық турнир чемпионы: «Жартылай финалда Швеция боксшісі қиынға түсті. Солақай болды, маған кішкене ыңғайсыздау болды. Финалда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегерімен шықтым. Россия мемлекетінің боксшісімен. Оны да ұпай санымен жеңдім, сөйтіп чемпион болдым. Осы жарысқа дайындаған Амангелді Маканалин ағамызға рахмет, Балқаш қаласының бокс федерациясына рахмет. Осындай дәрежеге жеткізгеніне. Азия чемпионаты октябрде болатын. Дубайда, соған бұйыртса дайындалып чемпион боламыз деген ойдамын»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login