Балқаш жаңалықтары 21.08.2019

  1. Балқаш қалалық ауруханасына терезеден құлап кеткен екі адам жеткізілді. Бірі балқаштық болса, екіншісі приозерск қаласының тұрғыны. Тезеден құлап кеткен ұлдардың кішісі небары 2 жаста. Приозерск қаласының тұрғыны москит торына сүйенемін деп 1-ші қабаттан құлап кеткен. Басынан жарақат алып, Балқаш қалалық ауруханасына жеткізіледі. Дәл сол күні травматология бөліміне тағы бір науқас келіп түседі. Балқаштық 13 жасар жеткіншек 2-ші қабаттан құлап кеткен. Салдарынан бас миы шайқалып, табан сүйегі сынған. Түрлі жарақаттар алған. Алдағы 5-6 тәулікте екі емделуші де ауруханадан шығарылмақ
  2. Балқаштық келіншектер енді инфекцияға талдаманы тегін тапсыра алады. Ол тізімге қауіпті топтағы әйелдер мен жүктілікті жоспарлап жүрген болашақ аналар кіреді. Қалада сәби өлімінің көрсеткіші артқан. Медицина қызметкерлерінің айтуынша оған көп жағдайда ата-аналардың жүктілікті дұрыс жоспарламауының әсер ететін көрінеді. Одан өзге созылмалы аурулар, жыныстық қатынаспен берілетін  дер кезінде анықталмаған және емделмеген  бактериялар мен вирустар да  баланың өлі туылуына бірден бір себепші. Сондықтан,  жоғарыда аталған санаттағы келіншектерді Торч  (TORCH) инфекция тобына тегін тексеретін болады. Бұл тексеріске  Б гепатиті, қызамық, сифилис, токсоплазмоз,хламидиоз сынды инфекциялар тобы жатады. Осыған дейін бұл талдамалар тек көрсеткіштер бойынша тапсырылатын. Ал, қазір қыз-келіншектер өз учаскілік дәрігеріне барып жолдама ала алады. Биылдың өзінде мыңға жуық әйелді тексерістен өткізу жоспарланып отыр
  3. Балқашта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өз жұмысын жалғастырады. Енді қала тұрғындары қайтадан  азық-түлікті 10-15  пайыз жеңілдікпен сатып ала алады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айының ортасында күннің қатты ысып кетуіне байланысты, жәрмеңке өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Алдағы сенбі яғни 24 тамыз күні қаладағы жәрмеңке қайта іске қосылады. 36  орында қой, сиыр, құс еті саудаланады. Одан өзге 6 орында балық, 12 орында бакалея өнімдері және 10 шақты жерде көкөніс 6 орында сүт өнімдері  сатылатын болады. Барлық фермерлердің өнімі алдын ала лабароториядан тексерістен өтіп, ауылшаруашылығы мамандарының рұқсатымен жәрмеңкеге қойылады
  4. Арыстық 200 балаға оқу сөмкелері мен спорттық киім мен аяқ киімдер табыс етілді. Бүгін облыстық білім басқармасының жетекшісі мен «Сары Қазына» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Бектау атадағы «Факел» лагеріне ат басын бұрды. Құрметті қонақтар «Факел» демалыс орнын аралап, Арыстық балақайларға жаңа оқу жылына деген киім мен жабдықтарын табыс етті. Балаларға демеушілік етуге келген Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев пен «Сары Қазына» ЖШС-нің бас директоры Павел Семенченко. Құрметті қонақтарды қарсы алуда Ақтоғай ауданы мен Балқаш қаласының әкімі де болды. Лагер басшылығымен бірге демалыс орнының барлық алаңын аралап, «Факелдің» тыныс тіршілігімен етене танысты.Арыстық оқушылардың жазғы демалысы қызықты да көңілді өтіп жатқаны байқалады. Себебі мұнда, кинозал, шағын волейбол, баскетбол алаңы, велосипед паркі, көше тренажерлары, этно-ауыл, шатыр астындағы үстел ойындарына арналған орындар бар. Экскурциядан соң салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарағанды облыстық білім басқармасының демеушілігінен арыстық балаларға 100 мектеп сөмкесі сыйға тартылды.  «Сары Қазына» компаниясы тарапынан барлық балақайларға спорттық киім мен аяқ киім табыс етілді
  5. Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов жұма күнін түске дейінгі жұмыс күні  болсын деп ұсынып отыр. Оның ойынша көп адамдар жұмыста бөгеліп қалғандықтан оларға толыққанды демалыс жетіспейтін көрінеді. Заң қорғаушысы жұмыс аптасын аздап қысқарту өзің мен отбасына  көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік туғызады деп есептейді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login