Балқаш жаңалықтары 20.08.2019

  1. Балқаштан 5 шақырым жерде ер адамды көлік қақты. Жедел-жәрдем келгенше жәбір көруші оқиға орнында көз жұмған. Қайғылы оқиға бүгін түнгі 1 шамасында болған. Алматы-Екатеринбург жолының 637-ші шақырымында келе жатқан «BMW» көлігінің тізгіншісі жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Азиат нәсіліндегі, жасы 25 пен 30 арасындағы белгісіз ер азамат соққыдан қатты жарақаттанып, сол жерде тіл тартпай кетеді. Бұл  оқиғадан жеңіл көлік ішіндегі 74 жастағы жолаушы да зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген
  2. Балқашта туберкулез ауруына шалдығу дерегі азайды. Былтыр 2018 жылы 22 адам тіркелсе, биыл бұл сан 13-ті көрсетіп отыр. Жұқпалы ауруды адам ағзасынан жылдам анықтап беретін жаңа құрылғы, бүгін туберкулезге қарсы диспансерге әкелінді.Дәрігерлік карточка орнына бір штрих код. Осылайша Gene Xpert аппаратына емделуші туралы ақпарат келіп түседі. Биологиялық материалды арнайы картриджде араластырады. Осылайша микробтық денедегі ДНҚ бөліп шығарылып, ултьрадыбыс әсерімен молекулярлық деңгейдегі туберкулез және оның дәріге тұрақтылығы анықталады. Осыған дейін мұндай зерттеу бір айдың көлемінде жүргізілсе, ендігіде қолма-қол 2 сағаттың ішінде нәтиже дайын болмақ. Бұл жабдықты сатып алуға туберкулезбен күрестің жаһандық қорынан 6 млн теңге бөлінген. Арнайы американдық өндірушілерден сатып алынған жабдық болып саналады
  3. Балқаштық  жедел жәрдем фельдшерлерін планшеттермен жабдықтады. Енді  шақыртулар мен науқас жайлы ақпарат бірден құрылғыда пайда болады. Бұл уақыт үнемдеу мен шақырылған орынға  шұғыл түрде жетуге жасалып отырған үлкен мүмкіндік. Жедел жәрдем диспетчері науқастан түскен шақыртуды қабылдауда. Осыған дейін бұл ақпараттар алдымен базаға еңгізілетін. Тек содан кейін оны фельдшер алып кете алатын. Оған біраз уақыт кететін. Енді жүйе толыққанды автоматтандырылған. Науқастан шақырту фелдшердің  планшетіне келеді. Қала бойынша аталған гаджетпен 6 жұмысшы  бригада қамтамасыз етілген. Электрондық бағдарлама науқас жайлы барлық деректерді шұғыл түрде жеткізіп отырады. Одан өзге құрылғы  арқылы карта арқылы жол маршрутын анықтауға болады. Жүйе арқылы дәрігерлер науқастың стационарға  келіп түскені жайлы ақпаратпен алмаса алады. Жалпы Қарағанды облысы бойынша 10 миллион теңгеге 100 планшет сатып алынған. Бүгінгі таңда құрылғы Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Сәтпаев, Саран, Абай, Шахтинск пен Қарағанды фельдшерлеріне қолданысқа  берілген
  4. Балқашқа «Факел» лагерінде демалып жатқан 200 бала келді. Олар Шаһардың көрнекі жерлерімен танысып, музейге саяхат жасады. Лагерь балалары екі топқа бөлініп, екі түрлі орынға саяхат жасады. Бірінші топ балалары мәдениент сарайы алдына келіп түсті. Оларды  арнайы гид мамандары  қаланың көрнекі жерлерімен таныстырды. Атап айтқанда, олар мәдениет сарайы аумағында, көл жағалауында, мәңгілік алауда болып қайтты. Бүгін олар Балқаш қалалық мұражайымен танысып жатыр. Мұражайдағы гид әр жәдігерге тоқталып, оның маңызы мен тұрмысқа қажеттілігін түсіндіруде. Әр экспонатқа терең үңілген арыстықтар мұражайдан алған әсерімен бөлісті
  5. Тамыз  айының  соңғы  жексенбісі  кеншілер  мен  кен  байытушылар  күні.  Соған  орай  24  тамызда Қоңырат  мөлтек  ауданында   мерекелік  концерт   ұйымдастырылады. Салтанатты жиын 23 тамыз күні сағат түскі 12.00-де нөмірі 25-ші  мектеп  акт залында   өтеді. Ол жерде сала  үздіктері  марапатталады. Ал 24 тамыз кешкісін  сағат 19.30-да қазақ  эстрада  жұлдыздарының  қатысуымен  концерттік бағдарлама  өтеді. Тұрғындар назарына   Абдулкарим Каримов пен  Айдана Меденова үздік әндерін  орындайтын  болады. Мерекелік концертте Балқаш өнерпаздары да өнер көрсетеді. Кеншілер мерекесі отшашумен аяқталмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login