Балқаштық қоқыс полигонында қалдықтарды сұрыптаудан өткізетін цех пайда болады

Аймақты күтіп баптаумен алдағы 10 жыл бойы жобаны ойлап тапқан балқаштық жаңа фирма айналысатын болады. Қазір аумақ қажетсіз қалдықтардан тазартылып жатыр.

Қалалық қоқыс полигонында ауыр техника жұмыс жаусауда. Жүк тиегіш пен жүк аударғыш аумақты кеңейтіп  қажетсіз қалдықтардан тазартып жатыр. Бұл жергілікті «DD-jol» компаниясының  ойлап тапқан жобасының алғашқы кезеңі. Билік өкілдерінің шешімімен полигон аталмыш компания иелігіне 10 жылға берілді.

Дәурен Аманқұлов «DD-jol» ЖШС директоры: «Қазір аталған орынға күзет қойып, бейнебақылау камераларын орнатып жатырмыз. Полигонға кіретін бір ғана бақыланатын жол болады.  Егер тұрғындар рұқсат етілмеген жолмен кіретін болса, ол жерге күзетші барып, фото, фидео матералдарды алады. Сосын біз істі Балқаш қаласының полиция бөлімшесіне береміз.

Жинау жұмыстары күздің басында  аяқталады деп күтілуде.Сол уақытта аумаққа санитарлық нормаға сай  жарық пен су тартылады. Одан кейін полигонға сұрыптайтын цех орнатады. Қаладан жиналған қоқыс арнайы орынға төгіледі. Артынша жұмыскерлер оның ішінен пластик, шыны, политилен,  металл мен қағазды іріктеп алып, қалған қоқысты көмуге жібереді.

Дәурен Аманқұлов «DD-jol» ЖШС директоры: «Қазіргі таңда пластик, қағаз, метал мен шыныны өңдейтін кәсіпорындармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жоба  іске аса бастаған кезде барлық шарттардға қол қоямыз»

Фирма мамандарының есептеуінше, әрбір Балқаш тұрғыны айына 11 кг қоқыс шығаратын көрінеді. Сұрыптау жүйесі бұл көрсеткішті екі есеге қысқартуға және полигонның ұзақ уақыт қызмет етуін қамтамасыз етеді. 2020 жылға қарай компания қоқысты дұрыс көміп, аумақты тазарту бойынша жоспар ойлап табуы тиіс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login