##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 19.08.2019

  1. Бектау-ата аумағында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Арасында кішкентай бүлдіршін де бар. Оқыс жағдай жексенбі күні таңғы 4-тер шамасында орын алған. Балқаштан  шамамен 80 километр қашықтықта «Тойота» маркалы автокөлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Нәтижиесінде 71, 79, 48 және 9 жастағы  4 адам зардап шекті. Олардың басым бөлігі  Шахтинск, Абай ауданының тұрғындары болып шықты. Арасында  бір Монғолия азаматы да бар. Жарақат алғандарды Балқаш қалалық ауруханасына  шұғыл түрде жеткізді
  2. Балқаштық қоқыс полигонында қалдықтарды сұрыптаудан өткізетін цех пайда болады. Аймақты күтіп баптаумен алдағы 10 жыл бойы жобаны ойлап тапқан балқаштық жаңа фирма айналысатын болады. Қазір аумақ қажетсіз қалдықтардан тазартылып жатыр.Қалалық қоқыс полигонында ауыр техника жұмыс жаусауда. Жүк тиегіш пен жүк аударғыш аумақты кеңейтіп  қажетсіз қалдықтардан тазартып жатыр. Бұл жергілікті «DD jol» компаниясының  ойлап тапқан жобасының алғашқы кезеңі. Жинау жұмыстары күздің басында  аяқталады деп күтілуде. Сол уақытта аумаққа санитарлық нормаға сай  жарық пен су тартылады. Одан кейін полигонға сұрыптайтын цех орнатады. Қаладан жиналған қоқыс арнайы орынға төгіледі. Артынша жұмыскерлер оның ішінен пластик, шыны, политилен,  металл мен қағазды іріктеп алып, қалған қоқысты көмуге жібереді. Фирма мамандарының есептеуінше, әрбір Балқаш тұрғыны айына 11 кг қоқыс шығаратын көрінеді. Сұрыптау жүйесі бұл көрсеткішті екі есеге қысқартуға және полигонның ұзақ уақыт қызмет етуін қамтамасыз етеді. 2020 жылға қарай компания қоқысты дұрыс көміп, аумақты тазарту бойынша жоспар ойлап табуы тиіс
  3. Балқашқа жылжымалы зообақ келді. Оның ерекшелігі мұндағы барлық жануарларды қолмен ұстап көруге болады. Ресейдің «Махачкала» қаласынан шыққан жануарлар осыған дейін Сәтбаев, Жезқазған, Арқалық қалаларында болған. Бүгінде Балқашқа ат басын тіреп, шаһар тұрғындарын қуантуда. Одан бөлек зообақта  тауыс, тасбақа, маймыл, қоян сынды 30-дан астам өзге тіршілік иелері бар. Мұндағы жануарлар әлі жабайы табиғатта болмаған. Сондықтан мамандардың айтуынша олардың күтімі үшін таза орын мен өздеріне лайықты азық түліктің болуы жеткілікті.Табиғат иелерін көруге күніне  орта есеппен 30-40  балқаштық келетін көрінеді.  Зообақ  күнделікті Шашубай Қошқарбаев көшесі 29 үй, Ақсораң сауда оталығы ғимаратында өз көрермендерін күтеді. Жұмыс уақыты сағат  10.00 – 20.00. Билет құны балаларға 800 тг, ересектерге 1200 тг болса,  3  жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Тірі табиғат иелері 28 тамызға дейін Балқашта  қонақтайды
  4. «Отбасы құндылықтары» деп аталатын шоу бағдарлама балқаштық жас жұбайларды күтеді. Конкурсқа 2019 жыл — жастар жылында отбасын құрған жас жұбайлар қатыса алады.Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін шара Ата заң күніне орай 30 тамыз күні мәдениет сарайының артқы алаңында өтеді. Басталуы кешкі 20.00-де. Отбасылық сайыс 5 кезең бойынша жүргізіледі. Жас отбасы өздерінің таныстықтары қалай, қашан басталғанын еске алады. Одан соң ерлі-зайыптылар өз шығармашылықтарын паш етіп немесе көрермендермен ойын ұйымдастырады. Екі жастың қосылуында куәгер болған адамдар жанкүйер-көрермен  бола алады. Қызықты да көңілді сайысқа қатысамын деушілер 25-ші тамызға дейін мәдениет сарайы, 19-шы кабинетке жүгіне алады
  5. 3 тамызда басталған шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті. Қала әкімінің кубогі сарапқа салынған аяқ доп бәсекесіне 18 құрама команда қатысты. Өткен сенбіде жартылай финал мен финалдық ойындар өтті. «Қала әкімі» кубогінің финалдық кезеңіне «Қазақмыс Смэлтинг» пен Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің ойыншылары шықты. Матч 3:2 есебімен «Қазақмыс смэлтингке»   жеңіс сыйлады. 3 тамызда басталған шағын футбол турнирінде 3-ші орынды «Ақжол» командасы иеленді. Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің ойыншылары 2-ші орынды еншілеп, команда сапындағы Мәди Тайпақов «Үздік ойыншы» деп танылды. «Қала әкімінің кубогін» турнир барысында үздік болған «Қазақмыс Смэлтинг» аяқ допшылары алды. «Футболға адалдық» номинациясымен Бауыржан Искаков марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login