Балқаштан 45 шақырымда Алматы бағытында көлік аударылды

Алматыға барар тас жолда көлік аударылды. Жол көлік оқиғасынан 55-тегі әйел адам зардап шекті. Трасса бекетіне жол көлік оқиғасы туралы дабыл кеше кешкі 9-дарда келіп түседі. Балқаштан 45 шақырымдағы Алматы бағытында «Тойота камри» автөкөлігі аударылады. Көлікте болған 55 жастағы жолаушы жапа шегіп, орталық ауруханаға жеткізілген.

Қуат Хайдаров — Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі: «Жол көлік оқиғасынан хабар алған бетте «Балқаш» жолдық пунктінен шұғыл бригада аттанады. Зардап шеккен 1964 жылғы Балқаш тұрғынына көмек көрсетілді.  Азаматша жабық бас-сүйек ми жарақатын алған»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login