##i-vengo banner

Қалада «Балқаш аспаны» шоу-фестивалі өтеді

Түрлі-түсті батпырауық, шарлар, сабын көпіршігінің шоуы. Бұл қызықтың бәрін 30 тамыз күні «Балқаш аспаны» шоу-фестивалінен тамашалай аласыздар. Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне орай ұйымдастырып отырған шара балқаштықтарға керемет көңіл күй сыйламақ. Балқаш аспанын батпырауықпен, шармен, сабын көпіршігімен әсемдеймін деген барша қала тұрғындары М.Хамзин атындағы мәдениет сарайына жүгіне алады. Өтінімдер 15 тамыздан бастап, 27-сіне дейін қабылданады. Шоу-фестиваль 30 тамыз күні сағат кешкі 17.00-де мәдениет сарайының артқы алаңында өтпек. Еліміздің басты Заңы күнінде белсендік танытып, Балқаш аспанын әсемдей білген қатысушыларға арнайы сыйлықтар да әзірленген.

Ирина Чевтаева – балалар мен жасөспірімдер, жастармен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі: «Батпырауықты ұшыруда өзіндік ой-қиялдарыңызды қосып әдемілеп, қала тұрғындарына керемет көрініс сыйласауға үлкен мүмкіндік. Отбасымен бірге қатысуға да болады. Ең бастысы фестивальге деген ынта жігер мен көркем қиял»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login