Балқаш жаңалықтары 14.08.2019

  1. 8 мың балқаштыққа ақшалай төлем беріледі. Қаржы Конституция күніне орай кей санаттағы азаматтардың шотына түседі. Жыл сайынғы қаржылай төлем барлық топтағы мүгедектерге төленеді.  Мереке қарсаңында олар 6 мың теңге көлемінде төлемақы алады. 70-тен асқан зейнеткерлерге 3 мың теңгеден төленеді Жалпы бұл қосымша қаржыға 8 мың балқаштыққа беріледі. Ақша олардың шотына аударылады
  2. Жұмыспен қамту орталығы сәуір айынан бері 7 мамандық бойынша жұмыссыз жандарды оқытуды бастаған болатын. Шілденің соңында электрик пен дәнекерлеуші біліктілігін меңгерген 30 адамның тең жартысы жұмысқа тұрып үлгерді. «БалқашЭнерго» мекемесі электромонтер кәсібін оқыған 5 жанды қызметке алған. Бүгінде жыл басынан бері жұмыссыз 127 балқаштық түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курсынан өтуде. Жұмыспен қамту орталығы тамыздың соңынан бастап тағы 3 кәсіп бойынша мамандарды даярламақ. Олар: косметолог, маникюр маманы және іс қағаздарын жүргізуші. Аталмыш мамандықтарға оқыту курсы тамыздың 25-нен басталмақ
  3. «Жас Қанат» жазғы сауықтыру лагері маусымдық жұмысын аяқтады. Төрт ауысымды қамтыған демалыс орны балаларға қызықты демалыс сыйлай білді. Бектау-Ата бөктерінде орналасқан демалыс ошағына 15 күндік 4 ауысым бойынша 250 баладан, жалпы саны 1000 оқушы барған. «Жас Қанатқа» тек Балқаштан ғана емес жан-жақтан демалушылар келген. Бір күндік «Атамекен» киіз үйлі лагерінде 125 бала демалса, оның  30 қарағандылық балақайлар.  Ал бүгін лагерь басшылығы соңғы ауысымның балаларын шығарып салды. Жазғы демалыс ошағында белсенділік танытып, үлгілі тәртібімен көзге түскен балалар мен олардың ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті. Аз уақытта бір-біріне бауыр басып, дос болған оқушылар мен лагерь басшылығы қимай қоштасты
  4. Жаңа оқу жылына бір айдан аз уақыт қалды. Барлық ата-ана  балаларын осы кезеңде мектепке жинайды. Баланы мектепке дайындауда маңыздысы оған форма таңдау. Нарықта мектеп формасы қыз балаға 6500 теңгеден басталып, 9000 теңгеге дейін барады. Ұлдар костюмі 6500 ден басталып 17000 мың теңгеге дейін жетеді. Формадан бөлек әрбір оқушы ақ көйлек, аяқ киім, спорттық киім сатып алуы тиіс. Ақ көйлек 3000 мың теңгеден басталса, туфлилар  орташа есеппен  3200-ден, спорттық аяқ киімдер 4000 мыңнан,  спорттық киімдер 3500-ден басталып, сапасына қарай қыбаттай түседі.Кеңсе тауарларын сатып алу үшін 5-10 мыңға дейін барады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған қоржындар 5000-нан басталып, сапасына қарай 10-15-ке дейін барады екен. Ал, жоғары сынып оқушыларына  3 мың мен 7 мың арасында сөмкелер табуға болады. Жалпы орташа есеппен алғанда бүгінде 1 баланы мектепке дайындау үшін 50 мен 60 мың  теңге аралығында қаражат жұмсалады. Барлық тауардың сапалысын алатын болсаңыз бұл сомма тағы да 50 пайызға көтеріледі
  5. Оқулық орнына планшет. Білім министрі Асхат Аймағамбетов оқушының сабақта планшет  ұстауына ұстаздар қарсылық көрсетпеуі тиіс дейді. Әрине, егер де бала планшет арқылы оқу материалын меңгерсе. Алайда, министр өз баласының білімді қағаз жүзінде кітаптан алғанын құптайды. Оқулық та назардан тыс қалмай, оқушыда қосымша үйінде болуы тиіс. Бүгінде 1-ші мен 9-шы сынып оқушыларының пәндік материалдары электронды жүйеге енгізілуде

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login