8 мың балқаштыққа ақшалай төлем беріледі

Қаржы Конституция күніне орай кей санаттағы азаматтардың шотына түседі.

Жыл сайынғы қаржылай төлем барлық топтағы мүгедектерге төленеді.  Мереке қасаңында олар 6 мың теңге көлемінде төлемақы алады.  Ал, 70 тен асқан зейнеткерлерге 3 мың теңгеден төленеді Жалпы бұл қосымша қаржыға 8 мың балқаштыққа беріледі. Ақша олардың шотына аударылады.

Сәулеш Таимова –  еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы: «Конституция күніне орай қаладағы барлық топтағы мүгедектерге 6 мың, 70 жастан асқан зейнеткерлерге 3 мың теңге көлемінде төлемақы беріледі. Барлық төлемдер 1 қыркүйекке дейін азаматтардың шотына түсетін болады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login