##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 12.08.2019

  1. Балқаш нан зауытында қызметкерлер кінәсінен өнімнің дайындалу үрдісі бұзылып, тұтынуға жарамсыз нандар сатылымға шыққан еді. Артынша сауда сөрелеріндегі өнімдер  алынып, олқылықтың орнын толтырды. Ас атасының шикілігі 9 тамыз күні зауытта технологиялық процестің бұзылуынан орын алған. Жұмыскерлер қателігінен тұтыну талабына сай емес азық дүкендерге таралып кетеді. Алайда, істің ақ-қарасы анықталғанда, сауда сөрелеріндегі өнімдер басқасына ауыстырылады. Болған жайттан соң кәсіпорында шұғыл қызметтік тексеріс өтті. Оқиға жан жақты зерттеліп, қатаң бақылауға алынды. Кінәлі адамдар болса жаза тартуда. Ал қазір зауыттан жаңа піскен нандар қатаң ережемен шығарылуда. Өнімдер сапа стандартына сәйкес
  2. Мониторингтық  топ  мүшелері қаладағы өткен барлық жөндеу жұмыстары бойынша есеп берді. Әкімшілікте мердігер компания қызметкерлері мен қала басшысы кездесу өткізді. Бірнеше сыннан кейін, балабақша мен мектептетерде жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компания қызметкерлері  жұмыс кестесіне қайта қосылды. Олар осыдан бір ай бұрын  терезе орнату, жылыту құбырларын ауыстыру бойынша кестеден қатты қалып келе жатқан  еді. Бүгінде барлық жұмысты уақытында тапсырамыз деп отыр. Ал, үй аулаларын  абаттандыру мәселесі әлі күн тәртібінде тұр. Кей аулаларда ол жұмыстар басталмаған да. Тіпті, кейбір жұмыс жүргізілуі тиіс мекен-жайларда құрылыс паспорты мен оған жауапты адамдар көрсетілген үнқағаздар орнатылмаған болып шықты
  3. Құрбан айттың алғашқы  күні Балқашқа 500-ге жуық мал басы әкелінді. Оның 100-ге жуығы сол күні  құрбандыққа шалынды.  Атап айтқанда, 4  ірі қара және  90-нан астам қой мен қозы қасапшылардың алдынан өтті. Сойылған малдар бірнеше бөлікке бөлініп мұқтаж жандарға таратылды. Базарға мал іздеп келген тұрғындар қарасы көп. Биыл Құрбан айтқа Ақтоғай мен Шет аудандарының фермерлері 500-ге жуық мал алып келген. Оның 100-ге жуығы айттың алғашқы күні құрбандыққа шалынды. Барлық  сойылған мал еті ветеринар маманының қатаң бақылауынан өткізіледі. Маман малдың ішкі ағзасын жіті тексеріп, соңында «таза жеуге жарамды» деген  етке мөр басады.Игі шарадан қала әкімшілігі де құр алақан қалмады. Биыл әкімшілік тарапынан бір ірі қара сойылып,  70 бөлікке теңдей бөлінді. Шалынған құрбандықты  мұқтаж отбасылар мен мүгедектерге таратып берді
  4. Балқашта өлкемізден шыққан танымал қазақстандық суретші Лейла Махаттың сурет көрмесі ашылды. «Аспан мен Жер» деп аталған топтама мысшылар мәдениет сарайының «Ақ отау» залына топтастырылды. Көрменің салтанатты ашылуына Ұлы дала экспедициясын ұйымдастырып жүрген құрметті қонақтар да қатысты. Ұлы дала экспедициясымен еліміздің 10 өңірін аралап жүрген қонақтар, Лейла Болатқызының көрме ашылуына арнайы Балқашқа ат басын бұрған. Сарыарқа төріне келген құрметті қонақтарға домбырамен дәстүрлі әннен шашу шашылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Ұлы даланың 7 қырынан сыр шертер жәдігерлер таныстырылды. Шаһар басшының жылы лебізінен соң, жұртшылыққа өнер иесінің өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы айтылды. 1970 жылы 1 мамырда Балқашта дүниеге келген Лейла Махат бүгінде тек елімізге ғана емес, сондай-ақ шет елдерге де танымал суретші. Туындыларын шет ел жұртшылығына да ұсынған. Шебердің туындыларында қазақтың тұлпары, Орхон Енисей жазулары, табиғат бейнелері тереңінен көрініс тапқан. Мұндағы 41 туынды тек қылқаламмен емес жүрекпен салынған. Туған өлкесіне «Теңіз» атты шығармасын сыйға тартқан өнер иесінің көрмесі қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ
  5. Тамыздың 12 нен 13-не  қараған түні Жерге Персеид метеор жауыны ағылады деп күтілуде. Жалпы алғашқы метеорларды  шілденің ортасынан бастап,  соңғыларын 24 тамызға дейін тамашалауға болады. Тамыздың 12-нен 13 қараған түні   жауын барынша тығыз болады. Әсіресе Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 2 мен 3-тің аралығында сағатына 100-ге жуық метеор ағады деп күтілуде. Ғалымдардың айтуынша, жұлдыздардың ағуы адамдардың өміріне немесе орбитадағы зондтарға еш әсерін тигізбейді. Метеор жауыны аспан ашық болса, тіптен жарқырап көрінеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login