Балқаш жаңалықтары 08.08.2019

  1. 8 тамыз Халықаралық офтальмология күні. Бұл күнді ХХ ғасырдың атақты дәрігері Святослав Федоровтің туған  күнінің құрметіне орай 15 жылдан бері атап өтіп келеді. Балқашта жанарынан қиындық көріп жүрген 750 ересек тұрғын бар. Оның 500-ден астамы әйелдер қауымы. Көз ауруы егде жастағыларды да айналып өтпес. Есептегі жасы ұлғайғандардың саны 440. Оларда көбінекей глаукома мен алыстан көре алмаушылық  кең тараған. Қос шырағына шағымданушылар  саны жыл санап артып келеді. Мектептердегі медициналық тексеру нәтижесінде 12 жасқа дейінгі 70% оқушының көру қабілеті нашарлаған. Бұл мәселе әрбір 3-ші 1-ші сынып оқушысын мазалайды. Көру мүшесін қалыпта сақтау үшін дәрігерлер кеңес беруден аянбайды. Дұрыс тамақтанып, компьютер мен гаджетке телмірмей, белсенді өмір салтын ұстануға шақырады
  2. «Үлкен жүрек» оңалту орталығында балалар ойын алаңы ашылды. Сырғанақ, әткеншек және ойын кешендері ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған. Бұл арнайы жабдықталған кешен кешен демеушілердің орталыққа жасаған сыйлығы. Бұл аумақ арнайы 1 жас пен 12 жас аралығындағы бүлдіршіндерге жабдықталған. Ойын алаңын оңалту орталығына «Қоңырат» қоғамдық бірлестігі сыйға тартты. Жабдықтарды демеушілер Ресейден тапсырыспен алдыртқан. Жалпы алаңды жабдықтауға қоғамдық бірлестік 9,5 млн. теңге қаржы жұмсады
  3. 10 тамыз күні  Балқашта кезекті рет мектеп жәрмеңкесі өтеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында төмендетілген бағадағы тауарлар таңғы 10-нан бастап жәрмеңкеге қойылмақ.Сатылымға 10-нан аса кәсіпкердің тиімді бағадағы оқу жабдықтары шығарылады. Өтетін орны тәуелсіздік алаңы. Сауда сөрелерінен қажетті кеңсе тауарлары, оқу формасы, спорттық киім мен аяқ киім және оқушы сөмкесіне дейін табуға болады. Құны тиісінше нарықтағыдан төмен болмақ. Естеріңізге сала кетейік, мектеп жәрмеңкесі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қаламызда жыл сайын өткізіледі. Басты мақсат, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындау
  4. Қазақстанда төмен сұранысқа ие мамандықтар ондығы белгілі болды. Бұндай статистикалық мәліметті Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мамандары шығарып отыр. Сарапшылардың мәліметінше биыл жыл басынан бері 4800 ден астам заңгер маманы   жұмыс іздеп түйіндеме қалдырған. Соның ішінде электрондық еңбек биржасында 1300-ге жуық маман жұмысқа орналасқан. Ал, қалған үш жарым мың заңгердің түйіндемесі сұранысқа ие болмай қалған. Сұраныс төмендеген  мамандықтар ондығын экономист, шаштараз, қаржыгер, технологтар мен тігіншілер бастап тұр. Олардан сұрансқа ие болмай қалған түйіндеме саны әр мамандыққа шаққанда  1200 адамнан асып жығылады.

Қазақстанда сұраныс төмендеген мамандықтар ондығы

  1. заңгер
  2. әлеуметтік қызметкер
  3. аспаз
  4. програмист
  5. іс жүргізуші
  6. экономист
  7. шаштараз
  8. қаржыгер
  9. тігінші
  10. техник – технолог

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login