Балқашта STEM Академиясы IT бағдарламасын таныстырды

Болашақ бағдарламасының түлектері Балқашқа келіп STEM IT бағдарламасын таныстырды. Қаламыздағы №15 мектеп-лицейінде жаратылыстану бағытының ұстаздары бас қосып, тың технологияның артықшылықтарына үңілді. STEM академиясы өкілдері Астанадағы мектептердің бірінде ашылған зертхана жұмысымен таныстырды. Инженерлік жобалау, робот техникасы мен 3D модельдеу мұның барлығын STEM ғылымы үйретеді. Биология пәнінде оқушыларға көздің құрылымын мына арнайы панельдің көмегімен қызықты да ұғынықты етіп түсіндіруге болады. Мұны 3D модельдеу арқылы жүзеге асырады. Әлемде кеңінен танымал бұл сала елімізге де біртіндеп еніп жатыр. Нәтижесінде оқушылар физика, химия, математикадан алған білімдерін іс жүзінде іске асыра алады. Бүгінде елімізде бағдарламаға қызығушылық жоғары.  Ал балқаштық мектептерде мұның барлығы алдағы уақыттың еншісінде болмақ.

Залқарбек Мураталиұлы – STEM академиясының директоры: «Қазіргі таңда 362 мектептермен жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстан бойынша STEM зертханаларын ашып. Және де 1400 мектепке өзіміздің бағдарламамызды бердік. Бұл Нұр Отан партиясының 1000 тегін IT сыныптарының ішінде біздің бағдарламамыз бар».   «Интерактивті тақталардың қазіргі заманауи түрі ол – интерактивті панелдар. Сол панель арқылы оны тек Power Point презентация беру үшін ғана емес, ол жерде интерактивті сабақтар жүргізуге болады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login