Балқашта Құрбан айтта төрт түліктің сойылатын орны анықталды

Балқашта Құрбан айтта төрт түліктің сойылатын орны анықталды. Құрбандық айт намазынан кейін шалына бастайды. Ветеринария мамандарының айтуынша  биыл  мал ет комбинатында сатылып, сол жерде бөлек ақыға сойылады. Фермерлер айтқа бір күн қалғанда комбинат аумағына төрт түлікті алып келеді. Барлық тексерістен өткен, таза малдар сол жерде  құрбандыққа шалынады. Белгіленген аумақтан тыс қала ішінде құрбандық шалған азаматтар 50 мың теңге айыппұл арқалайды.

 Самат Молдабеков – Балқаш қаласының ветеринария бөлімінің басшысы: «Фермерлердің малдары мясо комбиатқа жиналып, сол жерде сатылып сол жерде сойылады. Малдар жан жақтан келгендіктен әр малдың иелері  алып келген малдарының сілтеме құжаттарын ала келеді. Сол сілтеме құжаттардың барлығын тексергеннен кейін біз ол малдарды сатуға рұқсат береміз»

11 тамыз  күні  Балқаш қаласы бойынша  айт  намазы  сағат 7.00-де  оқылады.  Содан кейін мал сойылып, мұқтаж жандарға таратылады. Дін қызметкерлерінің айтуынша,  құрбандыққа шалынатын төрт түлік малдың ешқандай кемістігі болмау керек.

Ербол  Төлтаев — Балқаш қаласы мешітінің  бас имамы:«Құрбандық малы жалпы шариғатымызда  қойдан, ешкіден, төрт түлік малдан беріледі деп бекітілген. Түйе мен сиырды 5 адам мен 7 адам соя алады. Яғни ортадан ақша қосып.Қой болатын болса,  адамға байланысты бір семьядан  бір отағасы өзінің бала шағасының атынан құрбандық шала алады.

Қасиетті мейрамға салмағына байланысты қойды биыл  30-40 мың, сиырды 150 мен 300 мың, жылқыны 250 мен 400 мың теңге аралығында сатып алуға болады.  Құрбандыққа шалынатын ұсақ малдар  1500 теңгеден,  ірі қара  мен жылқы, түйе малдары  5000 теңгеден жоғары бағада сойылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login