Балқаш жаңалықтары 31.07.2019

  1. Балқашта облыстық экология департаменті басшысының қатысуымен жиын өтті. Қаралған мәселе экологиялық жағдайды жақсарту. Отырыста сондай-ақ, шаһар басшысы мен қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, өндірістік кәсіпорын иелері  болды.  Бүгінгі таңда Балқашта 3 өндіріс орны табиғат компонеттерінің пайдаланушысы болып отыр. Өткен жылы облыста өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту туралы жоспар құрылған болатын. Ондағы 9 блок қарастырылып, сол бойынша міндет жүктелген. Ал бүгін сол тапсырманың жүзеге асуын облыстық экология департамент басшысы келіп тексеріске алды. «Қазақмыс» корпорациясы болса экологияны мәселесіне 1 миллиард теңге жұмсаған. Байыту фабрикасында қалдыққоймалардағы суды қайта ағартып қолдануды бастады. Ал бұл жылына 18 миллион текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Тік дренаж құрылысын бастап, сондай-ақ құрамында зиянды заттар бар жабдықтарды жойып, керегін кәдеге жарататын болады. Жақын арада шаһарымызда атмосфералық ауаны бақылап отыратын  онлайн-мониторингін енгізуді бастамақ. Хабарлағыш арқылы ауа құрамы туралы ақпарат ала алады. Тағы бір бастама, шаң-тозаң тұту учаскесіне 5 сүзгі орнату жоспарда
  2. Жаздың соңы тамыз айы қарбыз-қауынның маусымына айналатын кез. Ал 3-тамыз дүниежүзілік қарбыз күні. Қарбыз алар кезде мына кеңестерді есте ұстау керек: піскен қарбыздың ақ жолағы жалпақ болады әрі жолақ қанық болуы тиіс; жемісте болатын сары дақтар оның толық піскенін білдіреді; қарбыздың сырты жылтыр болса да жақсы піскендігінің белгісі, домалақ тәттіні шертіп көрген кезде дауысы анық шығуы керек.

Қарбыздың пайдасы:

  • адам ағзасын тазалайды;
  • құрамында А, В6, С дәрумендері бар;
  • мидың белсенділігін арттырады;
  • адамның көру мүшесінің жұмысын жақсартады;
  • адам денесінің терісін күн сәулесінен қорғайды;
  • бүйректің қызметін жақсартып, несеп жолдарын тазартады.

Жаз маусымы басталғалы Балқашқа Оңтүстік өңірлерден 100 тоннаға жуық қарбыз, 25 тоннадан аса қауын жеткізілген. Сырттан келген өнімдерді тексерістен өткізетін орталық базар зертхана мәліметінше, әкелінген 2 тоннаға жуық қарбыз бен 4000 кг қауын тұтыну талабына сай келмей кері жөнелтілген. Ал апта басынан бері 4500 кг жергілікті балқаштық сапасы жақсы деген өнімдер сатылымға шығуда.

3. Балқашта іскер кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жас кәсіпкер» жобасы қолға алынбақ. Өз ісін бастап, табысты болғысы келетіндерге тәжірибиелі мамандар дәріс бермек. Грант ұтып алу мүмкіндігіде жоқ емес. Өтініш қабылдау ашық деп жарияланды. Оқуға 18 бен 29 жастағы жұмыссыз қатыса алады. Ал колледж бен ЖОО-да күндізгі және сырттай бөлімде оқитын жандар қатыса алмайды. Кәсіпкерлік негіздерін меңгерсем дегендер 12 тамызға дейін ХҚКО-на немесе «Күлия» бизнес орталығында орналасқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлімшесіне жүгіне алады. Өзімен бірге жеке бас құжаты мен мекенжай анықтамасын ала баруы тиіс. Ал 13 мен 14 тамыз күндері талапкерлер тест сынағынан өтеді. Сынақ нәтижесінен сүрінбей өткен үміткерлер, 15 тамыздан бастап 3 апталық дәріс  алады. 19 мың теңге көлемінде шәкірақы да қарастырылған. Бүгінде 30 тұрғын өз өтініштерін тапсырып қойған

4.Жертөледен шыққан иіс, мазаны қашыруда. Сванқұлов орамының тұрғындары жаз басынан бері канализациялық ағыннан шыққан қолқаны алар жағымсыз иістен құтыла алмауда. Пәтер иелері тұрғын үйге қызмет көрсетуші тиісті ұйым мамандарына бір емес, бірнеше рет шағымданған. Тақырыпты толығырақ тарқатсақ. Сванқұлов орамы 7 үйдің тұрғыны Сысалды Сланова бірнеше айдан бері жертөледен шыққан иістен тұншығып отыр. Тіпті ас ішудің өзі қолайсыздық тудырады дейді. Төменнен мүңкіген иіс жоғары қабатқа дейін білінеді екен. Есік терезені жиі ашып, ауа тазартқанымен еш пайда жоқ дейді. Тұрғындар шағымына іліккен иіс жертөледегі кәріз желісінен шығып отыр. «Балхаш Су» мекемесі қызметкерлерінің айтуынша бұған себеп ағыбай батыр көшесіндегі басты құбыр тығындалып қалған. Күні бұрын осы аумақтағы құдықтарды тазартып шығыпты. Алайда басты желі бітеліп қалғандықтан, күллі кәріз ағыны тұрғын үй жертөлелеріне кері ағады екен. Қызмет көрсетуші «Балқаш Универсал» ұйымы болса тұрғын үй жертөлесіндегі құбырларда ақау жоғын жеткізді. Мүңкіген иіс орталық желіде бітелу болғанда пайда болады дейді. Өздеріне тиісті міндеттері жертөле ішін ретке келтіруге уәде етті

5. Қазақстандықтар жыл басынан бері базар мен дүкендерден 5 триллион теңгеге сауда-саттық жасаған. Тапқан-таянғанының бір жарым триллионын тамақ пен киім-кешекке жұмсаған алматылықтар көш басында. Елорда мен шығыс қазақстандықтар үздік үштікті жалғастырады. 500 миллиард теңгеге сауда жасап 4-ші орында орталық өңір тұр.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login