Қарағандыда «YDD Corporation» зауыты іске қосылды

Қарағандыда бірегей ферроқорытпа зауыты іске қосылды.  Инновациялық технологияға негізделген ферросилиций өндірісі Қазақстандағы ең таза экологиялық зауыт болмақ. Алғашқы жылы 180 мың тонна ферросилиций өндіру жоспарланған. Келешекте бұл көрсеткіш 240 мың тонна  жетпек. Зауыттың салтанатты ашылуында біздің арна тілшілері де болып қайтты.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-министрі: «Өздеріңізге белгілі Қарағанды тау-кен өнеркәсібі мен машина жасау саласы дамыған.  Қара және түсті түсті металлургия өнеркәсібі өркендеген индустриялды өңір. Облыстың индустриялды әуелеті үлкен»

Өндіріс ошағының ашылу салтанатына үкімет басшысы және шет ел делегаттары келді. Премьер-министр Асқар Мамин және зауыт құрылтайшылары арнайы тетікті басып, зауытты іске қосты.

YDD Corporation зауытының құрылысына 30 млрд-тан аса қаржы жұмсалған. Алғашқы жылы 180 мың тонна ферросилиций өндіру жоспарланған. Келешекте бұл көрсеткіш 240 мың тоннаға жетпек. Ферросилиций болат өндіруде және қоспалауда қолданылатын маңызды элементтердің бірі. Кәсіпорында қазір 350адам еңбек етуде. Ал келесі жылы тағы 200 маман жұмысқа тартылмақ.

Ерлан Нығматулин – «YDD Corporation» құрылтайшысы:: «Осы ашылған жаңа ферросилиций зауыты Қазақстан индустриясының жаңа деңгейінің көрсеткіші деп айтуға болады. Бұл еліміздің инвестицция тарту жолындағы тағы да бір құтты қадам. Бүгінде өндіріс орнында индустрия 4 бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес келетін ең озық инновациялық технологиялар қолданды. Сонымен қатар зауыттан шығаратын өнімдер 100% экспортқа жіберілетін болады»

Өндірілген өнім 100 пайыз экспортқа шығарылады. Негізгі көлемі Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады. Қазақстандық қамтудың үлесі 94 пайыздан көп болады. Экология мәселесі де ұмыт қалмаған.Зауытта газдан  тазалайтын заманауи жүйе ауаны 100 пайыз таза ұстамақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login