Балқаштықтарға жылу үшін 12 млн астам теңге қайтарылады

Табиғи монополияларды реттеу комитет департаменті «Су Жылу Транс» мекемесінің қыста жылу температурасын қалыпта ұстамағанын анықтады.  Өткен жылыту маусымында тарифті бекіту кезінде жылу энергиясын есептейтін құрал орнатылмаған үйлердің нақты сыртқы ауа температурасы көрсетілмеген. Есептей келе коммуналдық мекеме жылуды дұрыс бермегендіктен тұрғындарға 4,5 млн тг қайтаратын болды.  Соған байланысты қайта есептеу жүргізіліп, артық ақша қазан айындағы төлемнен  шегеріледі. Айырмашылықты сол айда берілетін түбіртектен көруге болады. Ал қалған 8 млн 2016 жылдың еншісінен қалған.  Артық ақша  әр тұрғын үйдің шаршы метріне  байланысты қайта есептеліп, тамыз айында 200-250 тг шегеріледі

Серікбол Толпақов – «Су Жылу Транс» КММ директорының орынбасары: «Қаржының қайтарымы үшін біздің мекемеге келудің қажеті жоқ. Тамыз және қазан айындағы түбіртектерден төлемнің шегерілгенін көруге болады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login