Балқашта үздік баскетболшылар бас қосты

Шаһарда 3*3 форматында қала біріншілігі өтті.  Ойынға Алматы, Қарағандыдан келген 14 команда қатысты. Ерлер мен әйелдер жеке бөлініп, сынға түсті.

Виктор Леонов – «ЕФК2» команда капитаны: «Үнемі ойнап тұрамыз, жарыстарға жиі қатысамыз. Қала сыртындағы жарыстарға шығуға тырысамыз. Өткен жолғы біріншілік біздер үшін 2 орынмен аяқталды. Финалда 1 ұпай ғана жетпеді. Ал бүгін жеңеміз»

Стритбол деп аталатын бұл ойынның  баскетболдан ерекшелігі  әр команда да 3 ойыншы және олар тек алаңның бір бөлігінде ғана ойнайды.

Федор Лазарев – 3*3 баскетбол біріншілігінің  бас төрешісі: «Бүгінгі ойындағы барлық баскетболшылар халықаралық баскетбол федерациясының сайтында тіркелген болатын. Әр команданың өзіндік ұпай рейтингі бар. Жеребе тастауда осы рейтинг ескеріледі»

Ойын қорытындысы бойынша ерлер арасында 1-ші орынды алматылық «The next» командасы алды. Ал балқаштық «ЕФК2» екінші орында. 3-ші орын қарағандылық «09-ші өңір» командасында. Ал нәзік жандылардан алматылық «Yuvi» ешкімге дес бермеді. Күміс пен қола жүлдені балқаштық «Nika» мен «Let’s go» қыздар құрамасы өзара бөлісті. Жеңімпаздар 5-мыңнан бастап 30-мыңға дейін ақшалай сыймен марапатталды

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login