Балқаш жаңалықтары 17.07.2019

  1. Балқашта мысшылар мерекесінің  қарсаңында зауыт жұмыскерлері маратталды.  Бүгін еңбек даңқы галереясы жаңа есімдермен толығып, 130 еңбеккер құрмет грамотасына ие болды. Мысшылар мерекесі қарсаңында өткен марапаттау рәсімінде бірінші болып қала әкімінің құрмет грамотасы 4 маманға  табысталды.  Одан бөлек 17 адам еңбектегі жетістігі мен белсенді қызметі үшін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесі төрағасының құрмет грамотасына ие болды. Дәл осындай марапатқа бас директордың атынан 4 адам лайық деп танылды. Тағы 50-ден аса жұмыскерге «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бас директоры мен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары атынан құрмет грамотасы берілді. «Өндіріс озаты» және «үздік тәлімгер» номинациясы бойынша 20 еңбеккер марапатталды. Ал, «Жас маман», «Ең үздік жас жұмыскер» аталымына 26 адам лайық деп танылды
  2. Балқашта  пәтер сатып алуға тендер жарияланды. Оған  баспанасын саудаға қойған балқаштықтар қатыса алады. Тұрғындардан 3 және 4 бөлмелі 11 үй сатылып алынады. Бұл пәтерлер үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарға арналған. Ал тендрге қатысу үшін  төмендегі құжаттары жинап, мемлекеттік сатып алулар электрондық портал арқылы өтініш беру қажет. Мерзімі 8 тамызға дейін.  Ең бастысы, сатылымдағы үйлер 1965 жылдан бастап салынған болуы тиіс. Одан бөлек,  1 және 5 қабаттағы пәтерлер қабылданбайды. Толық ақпаратты 4-71-37 нөмірі арқылы  білуге болады
  3. Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді. Мұндай қорқынышты статистиканы төтенше жағдайлар департаменті жариялап отыр.
  4. Жаз шығып күн ысысымен көлдің жағасы адамнан босамайды. Алайда судағы қауіпсіздік ережесін сақтамасаң су өзіңді жұтуы мүмкін. Адам суға батқан жағдайда алдымен жедел жәрдемге хабарласу қажет. Дегенмен олар келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетілмесе арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Біліп жүріңіз. Суға батқан адам жағаға шығарылысымен бірден оны бір жанға жатқызып, бар болса  аузын судан, қамыстан, лайдан тазарту керек. Одан кейін басын жоғары көтеру үшін желке тұсына орамал секілді қолда бар затты қоямыз. Содан соң кеуде тұсын екі қолмен 30 рет басып, жүрекке жабық массаж жасау қажет. Сосын ауызбен ауызға дем береміз. Ескеретін жәйт жасанды жолмен тыныс алдырғанда адамның мұрнын жауып тұру керек. Статистикаға сүйенсек осы шілде айында Қазақстанда 120-дан асам  адам суға батып кеткен. Орта есеппен алғанда күніне 10 адам судан өлім құшады. Ал Балқаш көлінде маусым айында бір жеткіншек қаза тапты. Ол ЖЭС аймағында, рұқсат етілмеген жерде шомылған. Ал құтқарушылар мұндай қайғылы жағдай қайталанбас үшін күн сайын көл жағалауын аралап, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережесін түсіндіруде
  5. Балқашта жылу құбырларын ауыстыру жүргізілуде. Көктемнен бастап осы уақытқа дейін «Су Жылу Транс» мамандары 6 км жылу желісін жаңартқан. «Су Жылу Транс» мекемесінің жұмысшы бригадасы тозығы жеткен ескі құбырды алып, орнына жаңасын  әзірлеуде. Сәтбаев көшесінен бастап, Ленинге дейін 300 метр жылу желісі ауыстырылмақ. Сондай-ақ, мамандар құбыр диаметрін ұлғайтуды көздеп отыр. Қараменде би мен Ағыбай батыр көшелерінің қиылысындағы магистраль желісі жөндеуден өтуде. Қыста бұл аумақта құбыр жарылып, оны жамағанша  жақын маңдағы көпқабатты үйлердің ыстық суын тоқтатуға тура келген болатын. Міне жазда сол 150 метр құбыр жаңасына ауыстырылуда. Биыл шаһарда 10 км жылу желісі жаңаланады. Қазір соның 6 км ауыстыру аяқталды.  Жұмыстар Қадыржанов көшесі, Қараменде би мен Ағыбай батыр көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Сәтбаев шағын ауданында жүргізілуде. Құбырлар жаңартылғаннан кейін «Су Жылу Транс» мекемесі қазылған асфальт пен тротуарларды қайта қалпына келтіреді
  6. Балқаштық білім ордаларының жөндеу жұмыстарын тексеретін коммиссия рейдке шықты. Олар 13 нысанның  жұмысына баға берді. Білім бөлімінің мамандары, қоғамдық кеңес және БАҚ өкілдерінен құралған комиссия мүшелері алдымен Абай атындағы нөмірі екінші лицейге барды. Бүгінгі таңда мердігер компания суару жүйесін жүргізген.  Енді оқу орнының ауласына асфальт төсеуді бастайды. Ал спорт залда еденнің үстіне резеңке төсеніш салынады. Одан кейін «Айгөлек» балабақшасындағы жұмыстар тексерілді. Мұнда, мамандар  жылу құбырын  ауыстыруды аяқтаған. Алайда  комиссия мүшелері оларға құбырларды қайта сырлап шығуға тапсырма берді. Себебі,  құбырлар 1 рет қана сырланып, түсі қанық болмай шыққан. Айта кетейік биылғы жазда қала бойынша 13 білім ордасында жөндеу жүргізілуде. Басым бөлігінде терезелер жаңаланып, жылу жүйесі ауыстырылуда. Барлық жұмыстар15 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Ал жұмыс сапасын комиссия мүшелерінің бақылауында.
  7. Осы аптада халықаралық шахмат күні аталып өтіледі. Бұл мереке осыдан елу жыл бұрын бекітілген. Шахматтың адам үшін пайдасы зор. Ойын  ойлау мен есте сақтау қабілетті жақсартады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login