Балқаш жаңалықтары 15.07.2019

  1. Балқаштағы жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, шаһарымызда жұмыссыз жүргендер үшін 700 бос жұмыс орны бар.  Қалада есепші мамандары тапшы. Білім ошақтарында математика пәнінің оқытушылары сұраныста. Жергілікті емханаларға мейірбикелер қажет. Одан өзге түрлі санаттағы көлік жүргізушілері жетіспейді
  2. Балқаштық әйелдер маммографиялық тексерістен ендігіде жаңа мекенжай бойынша өте алады. Маммограф аппараты диагностикалық орталыққа көшті. Емделушілер сүт безін таңғы 8-ден түскі  15-ге дейін қарата алады. Мамамографпен қатар, физиологиялық емдеу кабинеті де жаңа орынға көшті. Электрофорез, қыздыру секілді ем шараларын диагностикалық орталықтың екінші қабатынан таба аласыздар. Айта кетейік, бұған дейін екі кабинет мамандары Қазбекова көшесіндегі №1 емханада қабылдаған болатын
  3. Балқашта 15 адам жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасты. Жоғары оқу орны мен коллдедж түлектері 6  ай бойы  жұмыс істеп, мамандық дағдысын қалыптастырады. Еңбектеріне ай сайын мемлекет есебінен  60 мың теңге еңбекақы төленеді. Бүгінде жастар практикасы бойынша 17 балқаштық түрлі мекемелерде жұмыс жасауда. Тағы 25 адам резервте. Жас мамандар 6 ай бойы практикадан өтіп, 60 мың теңге еңбекақы алады. Жастар практикасынан өтіп, жұмысқа орналасуға жасы 29-ға дейінгі жандардың мүмкіндігі бар. Сондай-ақ  2018-2019 жылы жоғары оқу орны мен колледж бітірген түлектер қатыса алады. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына дипломның түпнұсқасы мен жеке куәлікті апару қажет.
  4. Балқашта үшбөлмелі пәтер қатарынан екі рет өртенді. Төтенше оқиға демалыс күндері болды. Қызыл жалын Сәтбаев шағын ауданында көпқабатты үйдің бірінші қабатынан шыққан. Өрт туралы алғашқы дабыл сенбі күні түскен. Қысқа тұйықталудың себебінен тұрғын үйдің дәлізі өртенген. Көк түтін 5 шаршы метрді қамтыған. Оқиға орнына 10 өрт сөндіруші мен 3 арнайы көлік келіп, көмек көрсеткен. Екінші рет тұрғын үй жексенбі түнгі 3-терде өртенген. Иелері үйінде болмағандықтан, тілсіз жауды өтіп бара жатқан адамдар көріп, өрт сөндірушілерге хабар берген. 10 шаршы аумақты жалмаған өрттен жиһаз бен заттар жанған. Өртті ауыздықтауға 2 сағат жұмсалған. Қауіпсіздік мақсатында тұрғындар эвакуацияланды. Алдын ала мәліметтерге жүгінсек, өрт үйдің түпкі бөлмесінен шыққан. Бүгінде нақты себептер мен өрттің мән жайы анықталуда.
  5. Су көліктерінің иелері 15 рет тәртіп бұзған. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылар құқық қорғау мамандарымен бірге көл маңына 15 рет барлау жасаған. Тексеріс барысында, қауіпсіздік шарасын сақтамай, дабыл белгісі жоқ, көкірекшесін  тартып кимеген  16 кеме иесіне әкімшілік іс қозғалған. Өткен демалыс күндері облыстан келген мамандар арнайы барлауға шықты. Нәтижесінде құтқару желетін кимеген кеме жүргізушісіне 12 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Мерзімінен бұрын төлегені үшін өндіріп алу сомасы  50 пайызға азайтылып, айыппұлдың жарты сомасы алынған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login