Болашаққа қадам! Жастар және бизнес

Болашаққа қадам! «Балқаш қаласы кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерінің Одағы» жастарды бизнес бастауға шақырады. Сол мақсатпен 5 млн тг грант бөліп отыр. Қазір байқау жарияланды. Оған өз жеке бизнесін бастауды армандап жүрген немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін одан әрі дамытқысы келетін 29 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады. Грантқа үміткерлер экранда көрсетілген құжаттарды жинап  Шашубай мөлтек ауданы «Күлия» бизнес орталығында орналасқан «Балқаш қаласы кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерінің Одағына апарып өткізу керек. Конкурсқа құжаттар қабылдау бүгіннен басталды. Мерзімі 20 тамыз дейін. Әр үміткердің 1 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы ұтып алуға мүмкіндігі бар.

                              Конкурсқа керекті құжаттар

1)Жеке куәлік (түпнұсқа, көшірме)

2) Бизнес жоба

3)Кәсіпкерлік негізін оқығандығы  растайтын сертификат

4)Ауыл әкімінен өтініш хат (түпнұсқа (ауылдан қатысатын үміткерлер үшін)

5) Дербес кредиттік есеп (түпнұсқа)

6)Қарыздың бар жоғын көрсететін  анықтама (түпнұсқа)

7) Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңді  растайтын құжат

8)  Банк шотында грантта көрсетілген сомманың 10% бар екенін растайтын анықтама (болашақ  кәсіпкер өз қалтасынан шығаруы тиіс)

9) Жобада  қолданылатын  мүліктің меншікте екендігін  растайтын анықтама

Ануар  Қасымбеков – «Балқаш қаласы кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерінің Одағының» шағын және орта бизнесті дамыту бойынша менеджері: Конкурстың басты талабы, үміткерлер өндіріс саласында бизнес жоспар әзірлеулері тиіс. Ол бизнес кем дегенде 1 жылдан артық жұмыс істеуге міндетті. Биыл жастар жылы болғандықтан оларға арнап 5 млн теңге грант бөлініп отыр.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login