Балқаш жаңалықтары 27.06.2019

  1. Шұбар түбек кентіндегі кәсіпкерлер «Балқаш Универсал» мекемесіне шағымдануда.  Айтуларынша фирма қоқысты шығаруға өте сирек келе бастаған. Одан бөлек тариф құнын қымбаттатқан. Ал коммуналшылардың бұл әрекеті қаншалықты заңды? Қандай кесте бойынша жұмыс істейді? Толығырақ бейнематериалда
  2. Қалалық мешіт балқаштықтарды Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен жандарға көмек көрсетуге шақырады. Дін қызметкерлері «Балқаш Асары» қайырымдылық акциясын  жариялады.  Игі іске қатысу үшін бұзылмайтын азық-түлік, киім-кешек әкеліп мешітке өткізу қажет. Жиналған заттар бірнеше күннен кейін Арыс қаласына жіберіледі. Одан бөлек ақшалай көмек көрсетуге болады
  3. «Халық банк» өз клиенттеріне жаңартылған қызмет түрлерін ұсынып отыр. Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге арналған өзара төлем жүйесі бұдан былай үздіксіз жұмыс істейді. Жаңашылдықпен бөлісіп, сапаны одан әрі жақсарту үшін  банк басшылығы кәсіпкерлерді банкке емес, мейрамханаға таңғы шайға шақырды
  4. 27 маусым бүкіләлемдік балықшылар күні. Балық аулау біреу үшін кәсіп болса, енді біріне демалыс. Бүгінде көкше көлдің жағасында қармақ ұстағандар қарасы көп.  Ал қай балық тез қабады? Балықшылар үшін қармағы бал татыр қай жер? Тілшілеріміз бұл сауалдардың жауабын біліп қайтты
  5. Қазақстандықтарды шілде айында 9 демалыс күні күтіп тұр. «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері» заңына сәйкес, 6 шілде Астана күнін тойлаймыз. Биыл бұл күн сенбіге түсетіндіктен, демалыс күн 8 шілде, дүйсенбіге ауысады. Нәтижесінде 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш 6,7,8 үш күн қатарынан демалады. Өзге демалыс күндерін қосқанда бұл айда барлығы 9 демалыс күні бар
  6. Қаламызда   бокстан  халықаралық турнир жалғасуда.  Үшінші күннің   нәтижесі бойынша 36 жұп ширек финалға  өтті.  Оның 4-еуі балқаштық

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login